Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазығұрт ауданының әкімі атаулы мерекелері қарсаңында аудандағы әлеуметтік сала қызметтерін арнайы қабылдап, марапаттады, деп хабалайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №164 Жарлығы негізінде, жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» мерекесі аталып өтіледі.
Осыған орай, мереке қарсаңында Қазығұрт ауданы әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген барша азаматтарды құттықтап, ел көңілінен шығып, осы салада нәтижелі жұмыс жасап жүрген бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.
Ол – тек осы сала мамандарының ғана қолынан келетін іс. Сондықтан, әлеуметтік қызметкер болу оңай емес. Оған тек үлкен жүрек иелері ғана бара алады. Олар жан жылуын сыйлап, шамаларынша кез-келген жәрдемін жасайды. Сондықтан, көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік сала өкілдерінің өзара байланысы да бекем, мерекелері де мазмұндас.
Қамқорлық көрсету, әуелі, әлеуметтік қорғау мекемелерінің мінсіз қызметі арқылы орындалады. Жәрдемақы мен төлемдердің және қызметтердің әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға бағытталып, мұқтаж азаматтарға тепе-тең әрі әділ түрде бөлініп, жаппай қамтылуы — аталмыш жүйе жұмысының жемісі. Бұл ретте, сол салада сан жылдар бойы қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі ерен.

Пікір жазу