Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Рабат ауылдық кітапханасында Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпас ерлігін» атты тарихи кеш болып өтті.
Кештің мақсаты — ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақтың тұңғыш генералы Сабыр Рақымовтың ерлік істерімен таныстыру, ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.

Сабыр Рақымовтуралы не білеміз?

Сабыр Рақымов 1902 жылы дүниеге келген. Ол 20 жасынан бастап Қызыл әскерде қызмет етті. Ұлы Отан соғысының майдан даласында полк, дивизия басқарды. Бірнеше рет ауыр жарақат алса да, сапқа қайта оралған.
1943 жылы қазақтардың арасында алғаш болып «генерал-майор» атағын алды. Ол 1945 жылы наурызда Польшаны азат ету кезінде қайтыс болды.
1965 жылы Сабыр Рақымовқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Бүгінде Шымкенттегі «Жас ұлан» республикалық мектебі қазақ халқының даңқты ұлының есімімен аталады.
…Сабыр Рақымов екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 40 күн қалғанда көз жұмады. Ол – Ұлы Отан соғысы кезінде генерал шенін алған Қазақстан мен Орталық Азияның жалғыз тумасы. Сталиннің өзі «Темір генерал» деп жоғары бағалаған біртуар азамат.
Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы мен Орта Азиядан шыққан, оның ішінде Қазақстанның қасиетті Қазығұрт тауы баурайында дүниеге келген тұңғыш генерал Сабыр Рахымовтың туғанына 120 жыл толуына орай, Қазығұрт ауданының орталығындағы мәдениет сарайында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбында ғылыми практикалық конференция өткен болатын.
Конференцияға техника ғылымдарының докторы, академик О.Сембиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Тілеуқұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматтары» И.Тұрсынқұлов, Ш.Жамалбеков, Қ.Әріпбаев, заң ғылымдарының докторы Б.Тұрғараев және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.

Пікір жазу