Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Түркістанда «Ұлтымыздың ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты дөңгелек үстел өтті

Түркістанда «Ұлтымыздың ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты дөңгелек үстел өтті

Түркістан қалалық орталық кітапхана мен Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің ұйымдастыруымен «Бір ел — бір кітап» акциясы «Ұлтымыздың ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты студенттер арасында дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Басты шара ақын, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылды.  Оған студенттер қатысты. Шараның мақсаты — қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Шарада Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Амангелді Назерке Дастанқызы, Түркістан қалалық орталық кітапхананың кітапханашылары Мамирова Марияш, Иманбердиева Гүлмира, ҚТ-115, ШТ-106, БК -101 топ студенттері Жүніс Жаңылай Нәлтайқызы, Есенхан Әмина Ерболқызы, Есенгелді Индира Асқарқызы, Тіллабек Аружан Оразханқызы, Сапар Ақниет Уалбекқызы ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, жыр шумақтарын жатқа оқыды.

Сондай-ақ, ақынның шығармашылығынан сұрақтар қойылып, «Тарихи тұлғалар тағылымы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасының ұйымдастыруымен орталық кітапхананың оқу залында «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауы өтті. Байқау «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында ұлтымыздың ұлы ұстазы, ақын, қоғам қайраткері, педагог ғалым Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналды.

Байқау  3 кезеңнен тұрды:  І кезең «Сұрақ-жауап» айдары /өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап беру/; ІІ кезең «Көркем сөз –көңіл тілі» /көркем сөз оқу/; ІІІ кезең «Сөздің асыл болуы — ұнауынан»  /нақыл сөздердің жалғасын айту/.

Байқауда берілген үш кезең бойынша 7-10 жас ерекшелігі бойынша 9 оқырман, 11-15 жас ерекшелігіне байланысты 13 оқырман қатысып, өздерінің білімдері мен мәнерлеп оқу шеберліктерін, жақсы  көрсете білді. Тартысқа толы байқауда 7-10 жас ерекшелігі бойынша бас жүлдені  М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп–гимназиясының 4-сынып оқушысы Асылхан Ерсаян,  11-15 жас ерекшелігі бойынша  Ж.Еділбаев №18 атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Ізетхан Әйгерім бас жүлдені иеленіп облыстық байқауға жолдама алды.

 

 

Пікір жазу