Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Жазушы  Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай Түркістан қалалық №6 кітапхана- филиалының  ұйымдастыруымен «Көркем сөз шебері» атты сайыс кеші өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Қаладағы Е.Иззатуллаев жалпы орта мектебінің акт залында өткен шараның мақсаты — Мұхтар Әуезов  мұрасына  терең  үңілу, зерттеу,білімдерін  толықтыру. Оқушылардың  жеке зерделік, танымдық,еріктілік  ерекшеліктерін  ұштау. Көпшілік алдында  өзін –өзі  еркін ұстауға, білімін  кеңінен  қолдана  білуге  тәрбиелеу. Мұхтар  Әуезов  туралы  білімдерін  тереңдету, дамыту, өз  бетімен  ізденіс  үрдісін, адамгершілік  дағдыларын  қалыптастыру.

Аталған сайысқа  8-сынып  оқушылары  қатысты. Әділ  қазы алқасы саралай  келе үздік деп табылған  Бутаева  Дилафруз, Закирова  Зилола, Ергешбаева  Дилафруз  алғыс  хаттармен марапатталды. Оқырмандар «Әлем әдебиетінің алыбы» атты кітап көрмесімен танысты.

Айта кетейік, Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Биыл Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.

Пікір жазу