Биылғы жыл «Балалар жылы» болып белгіленгені белгілі. Осы орайда, «Балалар жылына» қала оқушыларының қатысуымен ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Үш бақытым» атты поэтикалық марафон болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Шараның басты мақсаты — оқырмандарға қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, мәртебесі биік ақиық ақын аталған Мұқали Мақатаевтың өмір жолымен және халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларымен оқырмандарды таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Поэтикалық марафонға кітапхана оқырмандары қатысып, ақынның жыр шумақтарын нақышына келтіріп оқыды және поэтикалық марафон барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы насихатталды.
Одан бөлек, ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында №11 кітапхана-филиалы «Сіз ақынсыз бір сәті, бір күні аңыз» атты поэзия кеші, №9 кітапхана-филиалы «Поэзия әлеміне саяхат» атты поэзия сағаты, №3 кітапхана-филиалы квест ойынын ұйымдастырды.
Сонымен қатар, кітапхана оқырмандарының қатысуымен Ескен Елубай, ақын, драмматург, туғанына 90 жыл толуына орай «Алтын заман» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.
Айта кетейік, Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Мұқағали Мақатаев – ғажайып, ақиық, сыршыл ақын.
Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің «Қош, махаббат» жинағына әр жылдары жазылған
«Шуағым менің», «Соғады жүрек», әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош, махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері
енген. Ақынның көз тірісінде 8 жыр жинағы («Ильич» (1964), «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Дариға-жүрек» (1972),
«Аққулар ұыйқтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1976) жарық көрді.