Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Түркістанда Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына орай кеш өтті

Түркістанда Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына орай кеш өтті

Жазушы Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына орай Түркістан қалалық №8 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Ұлтына ұлағат қалдырған» атты әдеби кеш өткізді, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Түркістан қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен кешке Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясының  кітапханашылары Жайықбаева Алтынай, Спанова Патима жазушының шығармашылығына тоқталып өтті. Оқырмандар Төремұратқызы Шұғыла, Өсербай Айғаныс, Махамбет Гүлсезім, Әзімханқызы Аружан, Жұмабай Жансезім, Тәңірберген Ақдидар қатысып, жыр шумақтарын арнады. Мақсаты оқырмандарға қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу. «Көркем сөздің зергері» тақырыбында кітап көрмесіне таныстырылым жасалды.

Одан бөлек, №5 кітапхана-филиалы «Сөз зергері» атты кітап көрмесі, орталық кітапхана «Ойы зерек, қаламы жүйрік» атты әдеби талдау, №6 кітапхана-филиалы «Артымда  қалсын  сөзім  деп…»  атты  әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

Айта кетейік, Ғабит Мүсірепов – қазақ халқының ең бір елеулі кезеңдерін, рухани және тұрмыстық өзгерісін, қилы-қилы тағдырын баяндаған түрлі әңгіме, пьеса, романдардың авторы. Қазақ прозасының биік мәдениетін, философиялық тереңдігін танытқан жазушы шығармалары әдебиетіміздің ең озық үлгілерінің қатарында. Оның шығармалары көп тілдерге аударылғанСөз зергерінің тарихи оқиғаларды баяндап қана қоймай, суреткерлік тұрғыдан екшеп, көркем жеткізуі, сюжетті шеберлікпен өрбітуі, көркем тілі шығармаларын түр мен мазмұн тұрғысынан байытты. Оның қаламынан туған романдар мен әңгімелер замана жырын қозғаған шығармалар қатарынан орын алады. Мүсірепов әңгімелері жазушының өзіндік стилімен ерекшеленеді. «Автобиографиялық әңгіме», «Боранды түнде», «Талпақ танау», «Күсен» және ана туралы әңгімелері – жазушының колхоздастыру тұсындағы халық тұрмысын барынша ашып, көркем суреттеген туындыларының бір шоғыры.

 

Пікір жазу