Түркістан қалалық №5 кітапхана-филиалында оқырмандардың қатысуымен қоғамдық маңызы бар «Алтын адам – рухани жаңғыру символы» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Шараның басты мақсаты — оқырмандарды өз Отанының тарихын, мәдениетін білуге үйрету. Алтын адам туралы түсінік беру. Әлемге әйгілі қазақ археологтарынан хабардар ету. Тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру. Отансүйгіштік, елжандылыққа тәрбиелеу.
Аталған шараға Бейбітхан Ақмоншақ, Оразәлі Сержан, Мұхтар Санжар, Серікхан Бексұлтан, Есіркеп Айару, Нарымбет Мерейлім қатысып, өз ой пікірлерін айтты.
Одан бөлек, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Көрменің бірінші бөлімі «Қасиетті, киелі мекен — Түркістан» деп аталды. Мұнда «Түркістан», «Тамыры терең — Түркістан», «Шежірелі Түркістан» кітаптары қойылса, «Түркі әлемінің төл перзенті» екінші бөлімге ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармалары «Диуани хикмет», ғалымдардың, жазушылардың еңбектері, кесененің салыну тарихы, жайлы «Иасауи жолы», «Тайқазан», «Реставрация-жаңғыру өнері» сынды т.б көптеген кітаптар қойылды. Үшінші бөлімде яғни «Түркістанның тұлғалы перзенттері» яғни Түркістанан шыққан ақын — жазушылардың кітаптары қойылып, оқырмандарға насихатталды.