Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты мекемелерде жыл бойы қоғамдық маңызы бар шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Қалалық балалар, №1,2,9 кітапхана-филиалдарының ұйымдастыруымен «Жұлдыз» кафесінде «Жігерлі жүрек» қоғамдық бірлестігіндегі мүмкіндігі шектеулі балалармен «Біз дәрменсіз емеспіз!» атты тақырыпта мерекелік шара болып өтті. Аталған шара барысында кітапханашылар мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерін толыққанды сезінуіне және олардың ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі сұрақтар қою арқылы және де ата-аналарына деген ыстық ықыластарын білдіруге мүмкіндік берді. Кітапханашылар мейірімділік, имандылық туралы нақыл-сөздер, жыр шумақтар, әндер айтып балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Жігерлі жүрек» қоғамдық бірлестігінің директоры Е.Мырзабай кітапхана ұжымына, оқырмандарға өз алғысын білдіріп «Алғыс хатпен» марапаттады. Кеш әсерлі, көңілді балалар мен ата — аналарына ерекше қуаныш сыйлаған күн болды.
Одан бөлек, Түркістан қалалық орталық кітапхана «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен» бірлесе отырып, «Анашым сізге мың алғыс!» атты тақырыбында ата — аналар мен емделуші балалар арасында психологиялық тренинг болып өтті. Мақсаты балалардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу, ата — аналарға алдарыңыздағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңізді суреттеп салу, «сыйластық» құндылықтары туралы кеңінен мағлұмат беру, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым- қатынасын дамыту, балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Тренингті Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психологы Тойлыбаева Нұржанат, тәрбиешісі Мұрат Жанат ұйымдастырып, ата — аналар балаларға деген жылы лебізін білдірсе, емделуші бала Досжан Хақназар өз өнерін көрсетсе, Түркістан қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Төлбасы Эльвира тақырыптық кітап көрмесімен таныстырды.
Түркістан көмекші мектеп-интернатында «Ғажайып әлем ертегі, ертегі сыр шертеді» атты мерекелік шара болып өтті. Мерекелік шара барысында кітапхана оқырмандары би билеп, ән айтып, кітапханашылар «Түлкі мен Қасқыр» ертегісінен қойылым көрсетті. Балалар ертегі кейіпкерлерімен би-билеп көтеріңкі көңіл күйде болды.
Мерекелік ертеңгіліктің мақсаты «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін кеңінен ояту, ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Ертеңгілікте «Әлеуметтік тұрмысқа бағдарлау» мен «Әлеуметтік тұрмысқа бейімдеу» топтары қатысып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Түркістан қаласы «Алтын мирас» қайырымдылық қоры балаларға дастарқан жайып, сыйлықтар тарту етті. Мерекелік кеш соңында емделуші балалар қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Төлбасы Эльвира «Бақытты бала — бақытты ел» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
Сонымен қатар, қалалық №9 кітапхана-филиалы мен «Жігерлі жүрек» қоғамдық қорының демеушілігімен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеусіз ерекше балалармен «Мейірім шуағы» атты мерекелік шоу болып өтті. Мерекелік шоуда балалар мен ата-аналарына арнайы дастархан жайылып, барлық балаларға сыйлықтар тарту етілді. Кеш барысында кітапхана оқырмандары әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Сонымен қатар аниматорлар ерекше балалармен түрлі ойындар ойнап, бірге би билеп балаларға көтеріңкі көңіл сыйлады.