Түркістан қалалық №9 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен Тұтқабай Иманбековтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ғасыр ғұмырлы – ғажап ақын» атты әдеби сазды кеш болып өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.
Шараның мақсаты ақын-жазушы Т.Иманбековтың өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, өз шығармашылықтарын шыңдау, өлеңге, сөз өнеріне баулу, қазақ әдеби тілінің қасиетін ұғындыру және халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге дағдыландыру.
Кешке С.Рахимов мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. «Балалар және жасөспірімдер орталығы» педагогы Жүсіпәлі Айнұр, Қалыбекова Гүлнар жазушының шығармашылығына тоқталып, өз ойларымен бөлісті.
№4 кітапхана-филиалы Тұтқабай Иманбековтың 85 жылдығына орай «Ұтқыр ой, жүйелі сөз иесі» атты тақырыпта «Тапсырылмаған гүл» әңгіме желісі бойынша әдеби вернисаж өткізілді. Шара мақсаты тамыры терең Түлкібас өңірінен түлеп ұшқан азаматтың бірі, ақын, жазушы, сазгер Тұтқабай Иманбековтың «Тапсырылмаған гүл» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ашу. Қатысушы оқырмандар сегіз қырлы, бір сырлы Тұтқабай жайында — ол өзінің ұлтының алдындағы перзенттік, жазушылық парызын толық өтеген, қай шығармасын оқысаң да, бей-жай қалмайтынын, қазақ әдебиетінде ойып тұрып алған орны бар дарынды, көрнекті жазушы, қабырғалы қаламгердің композиторлық қыры жайында баяндап өтті. Әдеби вернисажды түйіндей келе, жазушының бүкіл біз білмейтін қырларын «Тапсырылмаған гүл» әңгімесі желісінен байқаған болармыз деген сөздерімен түйіндеді.
Кеш соңында «Сырлы суреткер, жалынды жазушы» атты кітап кітап көрмесіне таныстырылым жасалды.