Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ИМАНДЫЛЫҚ- ІЗГІЛІК БАСТАУЫ

ИМАНДЫЛЫҚ- ІЗГІЛІК БАСТАУЫ

Әлемдегі геосаяси өзгерістер діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының өрістеуіне алып келді. Санасы уланған жат ағымның өкілдері бейбіт тұрғындардың тыныштығын ұрлап, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Сондықтан, мемлекеттік деңгейде терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бағдарламасы қабылданған болатын.

Осы орайда, «Балалар жылы» аясында, Мемлекет басшысы атап өткедей өскелең ұрпақтың болашағына баса мән бере отырып, Түркістан қаласының кітапханалар жүйелері де қоғамдық маңызы бар шараларды ұйымдастырып, белсенді жұмыстар жүргізілуде. Толығырақ тоқталып өтсек…

Түркістан қалалық №6 кітапхана –филиалының   ұйымдастыруымен   «Имандылық  жарасады  ұл-қызға»  атты  имандылық  кеші  болып  өтті. Имандылық  кештің  мақсаты  оқушылардың  мұсылман  діні  туралы  адами  қасиеттерін  қалыптастыру, ана  тілін  сүюге, ата-салтын, адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастырып, халқымыздың  ұмыт  болған  салт-дәстүрлерін  жалғастырып  құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа  адамгершілікке, адалдық-еңбекқорлыққа  достық  ерлікке, ізденпаздыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу. Имандылық  кешіне   Ергеш  Иззатуллаев  атындағы  жалпы  орта  мектебінің    ұстаздары мен   оқушылары  қатысты.

Сонымен қатар, қалалық кітапханада дін мәселелері және экстремизмге қарсы күрес «Ғибратқа толы ғұмыр» атты оқырман конференциясы болып өтті. Мақсаты  оқушыларды қазақ xалқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Кеш  соңында  оқушылар  «Имандылық- ізгілік  бастауы»  атты  кітап  көрмесімен  танысты.

Қалалық №7 кітапхана–филиалының ұйымдастыруымен №21 кәсіптік индустриалды колледжінде қыз балалармен «Имандылық – инабаттылық бастауы» атты ізгілік сағат өтті. Мақсаты — қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік т.б. жан-жақты асыл қасиеттерін таныта білу. Ізгілік сағатында Түркістан қаласының  асыл әжелер кеңес мүшелері Арқабаева Қанымкүл, Байнасова Сәрсенкүл апалар қазіргі қыздардың тәрбиесі туралы өз пікірлерін айтты. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел . Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Жас өскіннің тәрбиесіне қоғам болып атсалысуымыз тиіс. Ұрпағымыз ұлағатты болсын десек, басты назарды бала тәрбиесіне аударайық, — деп қорытындылады. Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын айтты.

Қалалық  №11 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Имандылық жүрекке ұяласа» атты имандылық сағат болып өтті. Мақсаты оқырмандарды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, тазалыққа имандылыққа тәрбиелеу және де діни тұрғыдан тәрбие беру. Іс-шара барысында ислам діні туралы толық мағлұмат, имандылыққа байланысты

мақал-мәтел, нақыл сөздер айтылды. Кітап көрмесіне библиофреш жасалынды.

Түркістан қалалық орталық кітапханалар жүйесіне қарасты №9 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі»  атты шок сабақ болып өтті.  Мақсаты: Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу, оқушылардың діни сауатын ашу. Іс шара барысында Көзі көрмейтін және әлсіз көретін кітапхана меңгерушісі Ибрагимов Ержан ағай қатысып  дін өзекті мәселелердің бірі екендігін ескере отырып, оқырмандарға әр бір азаматтың жат қылықтардан аулақ болып, орынсыз қалжыңдарға бой бермей, кійім үлгілерін қадағалап жүрулерін түсіндіріп бейнефильм көрсетілді. Әр бір азаматтың қоршаған ортадағы жауапкершіліктері туралы  сұрақтар қойылып, оқырмандардан қанағатты жауаптар алынды.

Сонымен қатар, «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» атты әңгіме орталық кітапханада кітапханашылар арасында өткізілді. Мақсаты оқырмандарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін  және ислам дінін насихаттау, өз дініне деген сүйіспеншілігін құрметпен қарауға сенімін арттыру. Кеш қонақтары  Түркістан облыстық дін істері басқарма қызметкері Рүстем Сабыржанұлы қатыстып, дін туралы мағлұмат беріп өтті. Іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.

29 қазан күні №6 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен   «Дін  рухани  өмір өзені» атты  әңгіме  кеші  кітапханада  болып  өтті.  Жастарға Абдуқадиров  Бахрам   Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) басқада белгілі пайғамбарлардың  шығу тарихи туралы, дін мен дәстүр сабақтастығы, иман негіздері жайлы  айтып  өтті. Мақсаты жастарға  адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру.  «Иман» сөзінің нақты мағынасын түсіндіру. Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеу. Әңгіме  кешіне  Ергеш Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты. Кеш  соңында  «Имандылық-жүректің нұры» атты  кітап  көрмес  імен  танысты.

 

Пікір жазу