Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймағымызға келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Қазығұрт ауданына да арнайы ат басын бұрды.
Атап айтсақ, вице-премьер Түркістан облысы бойынша бірқатар денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралау сапары барысында Сарапхана ауыл округіне келді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше өзекті мәселе көтеріліп, сұрақтар қойылды. Аталған мәселелер жан-жақты талқыланып, А.Көлгінов барша сұрақтарға нақты жауап берді.