Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАҚПАҚ, ҚЫЗЫЛҚИЯ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚАҚПАҚ, ҚЫЗЫЛҚИЯ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы Қақпақ ауыл округі мен Қызылқия ауыл округіне арнайы барып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан жол салу, ауыз су, жер мәселесі, табиғи газ кіргізу, көше жарықтары мен электр бағаналарын ауыстыру, білім беру саласындағы бірқатар мәселелер төңірегінде сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Азизхан Әзімханұлы барша сұрақтарға нақты жауап беріп, ұсыныстар бойынша жол картасы әзірленетінін айтып, мекеме, ұйым басшыларына тапсырмалар берді.
Сонымен бірге, аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы жұмыс жоспарына сәйкес Қызылқия, Алтынтөбе, Қазығұрт, Сарапхана, С.Рақымов, Қ.Әбдәлиев және Қарабау ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері мен тиісті мамандар қатысты. Әкімнің қабылдауында болған азаматтар үй іргелік және шаруашылықпен айналысу мақсатында жер сұрау, көше жарықтары, электр бағаналары, аудандық полиция бөлімінің жұмысы, әлеуметтік салалар төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына шешімін табуды тапсырды.

Пікір жазу