Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » А.ИСМАИЛОВ: ЕЛДІҢ МӘСЕЛЕСІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

А.ИСМАИЛОВ: ЕЛДІҢ МӘСЕЛЕСІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы Тұрбат және Шарбұлақ ауыл округтеріне арнайы барып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан жол салу, ауыз су, жер мәселесі, табиғи газ кіргізу, көше жарықтары мен электр бағаналарын ауыстыру, қоқыс шығару қызметі мәселелері төңірегінде сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Азизхан Әзімханұлы барша сұрақтарға нақты жауап беріп, ұсыныстар бойынша мекеме, ұйым басшыларына тапсырмалар берді.
Сонымен бірге, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында, Қазығұрт ауыл округінде халықпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, қоқыс полигондары және жер мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.

Пікір жазу