Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы жұмыс жоспарына сәйкес Тұрбат, Алтынтөбе, Қазығұрт, Жігерген, Жаңабазар, Қ.Әбдәлиев және Қарабау ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, тиісті мекеме басшылары, ауыл округ әкімдері мен тиісті мамандар қатысты. Әкімнің қабылдауында болған азаматтар үй іргелік және шаруашылықпен айналысу мақсатында жер сұрау, медициналық көмек, егістік және жайылым жер, әлеуметтік салалар төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына, тиісті мекеме қызметкерлеріне шешімін табуды тапсырды.
Соынмен бірге, «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың қатысуымен қоғамдық қабылдау болды. Қоғамдық қабылдауды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Умбиталиев Алтынсары Дуйсенбекұлы өткізді. Қабылдауға 11 адам жазылып, тұрғын үй, жер, табиғи газ, әлеуметтік көмектер, құрылыс және жол салу мәселелері төңірегінде өтініштерін жеткізді.
Қоғамдық қабылдау барысында әрбір азаматтың қойған сұрақтары мен көтерген мәселесі жан-жақты талқыланып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.