Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » МАҚСАТ – АУЫЛДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ

МАҚСАТ – АУЫЛДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимаратында қазығұрттық кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды, деп жазады Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атаулы жиынға Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Әшіров, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Медеуов, «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Есімхан Исақұлов, аудандық мәслихаттың депутаттары мен тиісті мекеме қызметкерлері, ауданымыздағы бірнеше кәсіпкерлер қатысты. Жиын барысында ауыл шаруашылығы бағытында және субсидия мәселелері төңірегінде сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.
Мәжілісмен Темір Базарбайұлы келесі кезекте Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының жұмысымен танысып, медицина саласы мамандарымен кездесті. Кездесу барысында ақ халатты абзал жандардың мұң-мұқтажын тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Пікір жазу