Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Алтынтөбе, Қызылқия және Тұрбат ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар қоқыс шығару жүйесі және жер бөлісу мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша сұрақтар мен өтініштерге заң аясында толыққанды әрі нақты жауап қатып, шешуге болатын мәселелер бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмаларын берді.

Сонымен бірге, Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов өзінің іс жоспарына сай Қазығұрт және Тұрбат ауыл округтеріне арнайы іссапармен барды. Алдымен Қазығұрт елді мекеніндегі «Шығыс» мөлтек ауданының 250 га аумағына инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы барысын көрді. Одан соң Тұрбат ауыл округі Қызылдихан елді мекеніне ат басын бұрып, «Қызылдихан ауылын сумен жабдықтауды қайта құру құрылысы» нысанына және «КХКZ-2 КХ-48 «Қазығұрт — Тұрбат» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орта жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Сондай-ақ, Тұрбат ауыл округі Өндіріс елді мекеніндегі Атамекен, Бастау, Кенжегулов, А.Мұратов, Достық, Көктем, А.Тұрсынқұлов, Байтемірұлы көшелерін орта жөндеуден өткізу жұмыстарын көріп, құрылыс басында мердігер мекеме басшыларымен, жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.