Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТ: ЖЕР ҚОЙЫНАУЫН ӨЗ БЕТІНШЕ ПАЙДАЛАНУДЫ БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА, РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖЕР ҚОЙЫНАУЫН ӨЗ БЕТІНШЕ ПАЙДАЛАНУДЫ БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА, РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

2023 жылдың 7 қыркүйек күні аудан әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ құрамының (кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция учаскелік инспекторларымен бірлесе аудан аумағында заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалану деректерін анықтау және болдырмау үшін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларымен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» алгоритміне сәйкес Қызылқия, Қазығұрт ауылы округіне рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде барлық ауыр жүк тасымалдайтын көлік иелеріне (камаз, зил, хова және т.б.) заңсыз жер қойнауын (шағал, құм, топрақ) өз бетінше пайдалануды болдырмау үшін және заңсыз деректер анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 139 бабына сәйкес айыппұл салынатындығын, сондай-ақ тиісті қылмыстық жауапкершілік іс-шаралар қабылданатыны жөнінде ескертілді.
Бүгінгі таңға, барлық ауыл округтерде құрылған мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша облыс әкімдігімен бекітілген алгоритм ұсынылып, тиісті жұмыстар күнделікті қадағалануда.

Пікір жазу