Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 8 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН АРХИТЕКТУРАЛЫҚ НЫСАНДАР ЖАСАЙДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 8 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН АРХИТЕКТУРАЛЫҚ НЫСАНДАР ЖАСАЙДЫ

Келес ауданына қарасты №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандарды жасауды әдетке айналдырған. Ол бала күнінен бастап желімдеу, жапсыру, құрастыру өнеріне қызыққан. Бүгінде түрлі дизайндағы қала сәулетін, тарихи кесенелермен ауыл макеттерін өз қолымен құрастыра алады.
— Макет құрастыру, жапсыру, желімдеу техникасымен 6 сыныптан айналыса бастадым. Әр бөлшекті шын көңілмен жапсырып, қиялымдағы ғимараттардың макетін дайындау мен үшін қиынға соқпады. Себебі әр ісіме қатты мән беріп әзірлегенді және жасаған дүниемнің сапалы шығуын қадағалаймын. Бұл сүйікті ісіммен айналысқан маған ұнайды, жұмыс барысында ойыма ерекше шабыт пен жаңа идеялар келе бастайды, — дейді жас сәулетші.
Оқушысының ерекше қабілетін жетекшісі Нұрлыбек Лесбаев 6 сыныпта байқаған. Сол кезден бастап қабілетін арттыру мақсатында әр түрлі тапсырмалар беріп, макет құрастыру жағынан бағыт-бағдар беріп келеді.
-Дарынды оқушының болашақта білікті маманы болатындығына сенімдімін. Осындай экологиялық жобалар бала бойында табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастырады, — дейді жетекшісі.

Пікір жазу