Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » САЙРАМ: “ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС” АТТЫ АЛҚАЛЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

САЙРАМ: “ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС” АТТЫ АЛҚАЛЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекенінде орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде “Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс” тақырыбында алқалы мәжіліс өтті.
Жиынға Сайрам ауданы әкімшілігінің өкілдері, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшелері, Сайрам ауданының барлық білім беретін жалпы орта мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар, ата-аналар төрағалары және де Сайрам ауданының әкелер, әжелер алқалары қатысты.
Күн тәртібінде «Әкелер мектебінің – ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» атты тақырыбы аясында «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» және ардагерлер кеңестерінің жұмыстарына мониторинг жүргізу, оның даму жоспары туралы талқыланды.
Жас ұрпақты тәрбиелеу барлық жиынға қатысушылардың парызы мен міндеті екенін айта келе, оқушылардың мектептен тыс тәрбиеге негізделген шараларды күшейту қажеттілігі айтылды.
Жалпы біртұтас тәрбие аясында ұлттық құндылықтар, бірегейлік мәселесі төңірегінде зиялы қауым өкілдері мазмұнды баяндама оқыды.
Атап айтсақ, «Әжелер алқасының» төрайымы А.Шалабаева, Сайрам ауданының құрметті азаматы А.Қабылбеков, ардагерлер үйінің төрағасы І.Айтжан, қоғам белсендісі журналист-блогер Б.Нарымбетова, Оңтүстік Педагогикалық университетінің т.ғ.к, доценті К.Анарбаев, «Ардагерлер тынысы» журналының бас редакторы сөз сөйледі.
Сонымен қатар өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналар, ардагерлер, әкелер, әжелер рөлдері туралы тілге тиек етіліп, нақты кеңестер берілді.
Алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген құрамдағы өкілдермен ауданның жоғары сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастыру жоспарланды.

Пікір жазу