Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Ақылдың кені — кітапта!

Ақылдың кені — кітапта!

«Сен адамшылықты ұмытпасаң, өз ісіңді сүйсең — бақыттың кілтін қолдан ұшырмайсың» Мақтұмқұлы Фраги.
Мемлекет басшысының » Оқитын ұлт » жобасын оқырмандарға насихаттау мақсатында Түлкібас аудан әкімі Н. Ізтілеуов ауданымыздың сайдың тасындай іріктелген оқырмандарды арнайы қабылдап, оқырмандармен емен-жарқын тілдесті.
Нұржан Жақсылықұлы: — Кітаптың қадірін арттыру — зердесі биік оқырманның қолында. Сіздердің алдарыңызда дәл бүгін бәрі бар. Мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, спорт мекемелері — бірге жұмыс жасауынан біздің ауданнан алып күштің иесі — палуан, орақ тілді ақында шыға береді. Мен кітапты оқыған адамдарды сыйлаймын. Кітап -ақылдың кені. Сіздер — келешектің тұтқасыздар. Кітап оқу арқылы тұлға болып дамуға болатынын дәлелдеп, қастарыңызға ерер достарыңызды көбейте беріңіздер!-деп кітап оқудың пайдасын жеткізді. Әрі өзінің дәл қазіргі уақытта оқып жүрген кітаптары жайлы қысқаша ой қозғап, Тастұмсық ауылдық кітапханасының оқырмандарының өнерін тамашалады. Руяна Ахмедова Шәкәрімнің бірнеше өлеңдерін жатқа оқыса, Рахматула Мардан Қанатұлы жас жазушы Жәмилә Бақтиярқызының » Қарлығаш», «Бәйшешек» кітаптарына қысқаша шолу жасап өтті. Тавшанова Тахмина поэзияның сұлтаны — Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы», «Қазақ тілі» өлеңдерін жатқа оқып, өз түсінігін ортаға салды.
Кездесуде Тастұмсық ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, жас ақын — Ағжа Ағалы өзінің бірнеше сиясы кеппеген өлеңдерін оқып берді. Аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов : «Кітапхананың келешегі — осындай ұл-қыздар тұрғанда жарқын болмауы мүмкін емес» — деп оқырмандарға өз ықылас -ниетін жеткізді.
Кездесу барысында Түлкібас ауданының мәслихат хатшысы Хамит Әлібекұлы : » Кітапты насихаттаудың маңызды жолын тауып, кітаптың қадірін ұқтырған бүгінгі жаһандану кезеңінде оқырманға қадірлі тұлғаға айналған кітапханашыларға, Олег Кошевой жалпы білім беретін білім мекемесінің мұғалімдеріне Түлкібас аудандық кітапханалар жүйесінің мекеме басшысы — Қамар Мекембайқызына алғыс айтқанымыз дұрыс-ақ. Тастұмсықта кітапхананың беделі биік» — деп атап өтті.
Кездесу соңында арнайы алғыс хат табысталды.

Пікір жазу