Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ОТЫРАР: «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ОТЫРАР: «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
ОТЫРАР: «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Ауыл оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының Отырар ауданы бойынша іріктеу кезеңі М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп пен Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін 3 мектеп базасында өтті.
Олимпиада мақсаты — Қазақстан мен әлем университеттеріне түсуге үш жылдық тегін дайындыққа финалист таңдау.
Олимпиаданың аудандық кезеңінде 30 мектептің 8-сыныбында білім алып жүрген 364 оқушы кешенді тест тапсырды. Тестілеу кезінде білім алушылардың математикалық сауаттылығы, логикалық, кеңістіктік ойлау қабілеті, оқу сауаттылығы бағаланды.
Тестілеу нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушыларға олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама беріледі.
ЖЕТІСАЙ: ДИРЕКТОРЛАР ДЕБАТЫНДА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Түркістан облысы мектеп директорларының арасында I өткен NTELLEKTUM DD2 облыстық турнирінде топ арасынан үздік шығып, І орын иеленгені үшін №7 “Тұран” мектеп-гимназиясының директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызы және №49 “Сырдария” жалпы білім беретін мектеп директоры Еринбетова Гулжазира Налжигитовна марапатталды.
ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІ ЛЕКТОРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ
Ордабасы ауданының білім бөлімі Түркістан облысы Білім басқармасының 16.10.2023 жылғы №36-01-09/7561 санды хатына сәйкес «Атамекен» жалпы орта мектебінде «InterPress Distribution» компаниясының әдістемелік қолдау және ағылшын тілін жүргізудің цифрлық ресурстарымен таныстыру және практикалық идеяларды көрсету мақсатында ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін Оксфорд университетінің лекторы Эстра Эзиджидің қатысуымен семинар өтті.
Семинардың бірінші кезеңінде аудан мұғалімдері көптеген әдіс-тәсілдер үйренсе, ал екінші кезеңде қажетті ақпараттар мен жаңалықтарға қанықты. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
СТУДЕНТТЕР СЛЕТІ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы Ақжайық музыка мектебінің базасында ағымдағы жылғы 1-қараша күні Техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарындағы «Саналы ұрпақ» жобасы аясында студенттер арасында «Саналы ұрпақ — сыбайластыққа жол бермейді!» атты слет өтті.
Мақсат — өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жасөспірімдер арасында парасаттылық пен адалдық, әділдік құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, парасатты тұлғаны дамыту.
Іс-шара қорытындысына сәйкес жүлделі орындарға иеленген студенттерге қаржылай және заттай сыйлықтар табысталды.
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫ ӨЗАРА ТӘЖІРБИЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты Әлихан Бөкейхан атындағы №36 жалпы білім беретін мектеп базасында «Үйірмеден үйренерім көп» тақырыбында қосымша білім беру педагогтарына аудандық семинар өтті.
Мектептегі үйірме жұмыстары балаларға қосымша білім беруде үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамытуға, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға бағыттау болып табылады.
Шара барысында қосымша білім беру педагогтері өзара тәжірбиелерімен бөлісті.
«БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АТЫНАН 3 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ
Астана қаласы Назарбаев унверситетінің базасында Республикалық балалар оқулары байқауының ІІІ қорытынды кезеңі болып өтті. Байқау мақсаты — балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, отандық және шетел әдебиеті жазушыларының шығармаларын оқуға баулу. Байқауға Түркістан облысы атынан 8-10 сыныптан 3 оқушы қатысты. Қорытынды нәтиже бойынша І орын Ширимбекова Арайлым Нұрболатқызы, Кентау қаласы, Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы. ІІ орын Саулимбаева Маруа, Ордабасы ауданы, Төрткүл жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы. ІІ орын Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Қалбай Ырысбибі марапатталды.
САНИТАРИЯЛЫҚ — ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Сауран ауданының білім бөлімі мен Сауран аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарамасы бірлесе отырып, балабақшаларда «Өндірістік бақылау талаптары және тағаманан уаланудың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға аудандағы 13 мемлекеттік, 28 жекеменшк балабақша меңгерушілері қатысты.
Күн тәртібінде «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға және мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтандыру жағдайына қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инфекциялық аурулардың алдын алу және болдырмау» тақырыптарында баяндама жасалынды.
САУРАН: ҮШТІК ОДАҚ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК
Сауран ауданы білім беру ұйымдарының 8-9 сыныптары арасында «Педагог – бала – ата-ана» үштік одағы бірігіп, «Қазағымның салт-дәстүрін дәріптей білейік!» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.
Кездесуде салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауаптар, мақал-мәтелдер, видеороликтер көрсетілді. Психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды, ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, үлкенді сыйлауға құрметтеуге, тәрбиелеу.
КЕНТАУДА ФРАНЦУЗ ТІЛІН ОҚЫТАТЫН МЕКТЕП БАР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Франция Президенті Эммануэль Макрон кездесуінде Қазақстанда халықаралық (француз) мектептерін ашу және білім беру ұйымдарында француз тілін оқыту бойынша келісімге қол қойылған болатын.
Осы бағытта Кентау қалалық білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясында француз тілін оқыту көп жылдан жолға қойылған. Білім беретін мекеменің 5-9 сынып аралығындағы 568 оқушы француз тілінен жақсы нәтижие көрсетіп жүр. Француз тілінен дәріс беретін педагогтер Калиева Рано Мухамедовна және Шарипова Аида Азимхановна білікті де, тәжірибиелі ұстаздар.
Бұл сөз жоқ, отандық білім беру саласының даму бағытында тағы бір қадам жасауы деп білеміз. Алдағы уақытта біздің педагогтеріміз үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби өсу мүмкіндігі зор болмақ. Сондай-ақ, еуропалық кеңістіктегі жоғары оқу орындарына оқушылар үшін жол ашылады. Бұл отандық еңбек нарығы үшін кәсіби білгір мамандарды даярлаудың тиімді мүмкіндігінің алғышарттары.

Пікір жазу