Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » КЕЛЕСТЕ АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

КЕЛЕСТЕ АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:

КЕЛЕСТЕ АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Келес ауданы, №2 Ө.Жәнібеков мектеп гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық тәжірбиелік семинар өтті.
Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша өткізілген семинар ауданның Әжелер кеңесі мен Әкелер кеңесінің қатысуымен өткізілді.
Семинар барысында ата-аналарымен дөңгелек үстел, сайыстар, тәрбие сағаттары, коучинг сабақтар мен отбасылық сайыстар жоғары дәрежеде өткізілді.
Мақсат — мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
Аталған семинар шеңберінде сабақтардың әдістемелік тәсілдері, мазмұны және ұлттық құндылықтар түсіндірілді.
СЕМИНАР: «СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ»
Ордабасы ауданына қарасты Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастырудың инновациялық жолдары» атты аудандық семинар өтті. Мақсаты: Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына қатысты тәрбие берудің тиімді жолдарын айқындау. Ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Семинар барысында «Мейірімділік — ізгіліктің жолы», «Адамгершілік — басты адами қасиет», «Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің есігі», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», «Отбасы құндылығы — сарқылмас қазына» атты тақырыптарда танымдық сабақ өткізді.
Семинар соңы марапатқа ұласты. Ұстаздардың ойына ой қосып, шығармашылығын шыңдайтын, ізденіске бағыттайтын, алдағы жұмысты одан әрі жандандыруға түрткі болатын тәжірибе алмасулар, семинарлар мен түрлі іс-шаралар бұдан кейін де өз жалғасын таба бермек.
ЖЕТІСАЙ: ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРЫМЕН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Жетісай ауданы, №72 жалпы білім беру ордасында аудан бойынша мектептердің педагог-психологтарымен семинар өткізілді.
Мақсаты: конфликт ұғымының мәнін ашу және оның алдын алу, одан шыға білу жолдарымен таныстыру. Жасөспірімдердің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын-алу және болдырмау. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау, өзіне сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру.
Семинарды психологиялық қызмет бойынша әдіскер Қ.Ибадуллаева ашып беріп, жүргізіп отырды. Мектеп басшысы Раймқұлова Нурсұлу семинарға қатысушы педагог-психологтарды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Бөлімнің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Қ.Ибадуллаева 2023-2024 оқу жылының І тоқсанында білім мекемелерінде атқарылған психологиялық қызметке талдау жасады.
Сонымен қатар «Бестерек» жобасы аясында жүргізілген бірқатар жұмыстардың қорытындысы туралы айтып өтті. №72 ЖББМ-нің педагог-психологы А.Басанова «Ата-ана, балаңыздың жан дүниесіне назар аударыңыз!» тақырыбында сахналық көрініс қойылды. «Көңілді орта» сергіту сәтін жүргізді. «Кикілжіңсіз қарым-қатынас жасау өнері» тақырыбында қатысушылармен психологиялық тренинг, ойын-жаттығулар өтті.
Тренинг соңында рефлексия беріліп, қорытындылады.
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК КОНКУРСЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 қазан -1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық зияткерлік конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Мақсат — туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Аталған конкурсқа республика бойынша 22 команда қатысты. Ал, Түркістан облысынан қатысқан 4 оқушы өз білімдерін сынап, 1 алтын, 1 күміс медальмен және 2 мақтау қағазымен марапатталды.
1. І орын — Сапарбекқызы Ақерке — Түлкібас ауданың үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
2. ІІ орын — Амалбек Асылай — Түлкібас ауданың үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
3. Мақтау қағазы — Анартай Аружан — Төлеби ауданы, «Нысанбек» жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
4. Мақтау қағазы — Умирзақ Жанерке — Жетісай ауданы, С.Асанов атындағы №38 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АСТРОТУРНИРДЕН ТҮРКІСТАННЫҢ ДАРЫНДАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
2023 жылдың 25 қазан мен 1 қараша аралығында Алматы қаласында «БӨБЕК» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының обсерваториясында М.Әбділдин атындағы «Оқушылардың «Адам, Жер, Ғалам» Қазақстандық астротурнир өткізілді.
Турнир мақсаты – мектеп оқушыларының білім алуын дамыту және дарынды балаларды қолдау, оған қоса жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға қызығушылығын арттыру, космостық бағыт бойынша ғарыш, ғарыштық технологияларды зерттеу және олар туралы білімдерін тәжірибеде қолдану бойынша факультатив, үйірмелер жұмыстарын жандандыру, дарынды оқушыларды табу, мамандық таңдауға көмектесу.
Турнирге Қазақстанның білім беру саласынан 17 команда қатысты. Команда құрамы 7-11 сыныптан 5 оқушыдан жасақталған.
Түркістан облысынан Оралбеков Ғалымжан ағайдың жетекшілігімен 5 оқушыдан жасақталған команда ІІ дәрежелі, күміс медальға ие болды.
1. Бақтыбек Ақтілек — Қазығұрт ауданы, Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
2. Ізбасқан Нұрсая — Қазығұрт ауданы, Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
3. Балтамаш Бекзат — Жетісай ауданының мамандан-дырылған «Дарын» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
4. Тұрғанбек Қырмызы — Түркістан қаласы, №23 Ж.Тәшенов атындағы ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
5. Үсен Нұрбақ — Түркістан қаласы, №23 Ж.Тәшенов атындағы ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.

Пікір жазу