Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » МАҚТААРАЛ: «TURANBALAFEST» ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕБАЙҚАУЫНДА РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

МАҚТААРАЛ: «TURANBALAFEST» ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕБАЙҚАУЫНДА РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
МАҚТААРАЛ: «TURANBALAFEST» ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕБАЙҚАУЫНДА РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы үздік өнерпаздар облыстық телебайқауына А.Тұяқбаев ЖББМ мектебінің 10 сынып оқушысы Мартиросян Карина сурет байқауы бойынша қатысып, республикаға жолдама алды. Ы.Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы Бақыт Айзере ІІІ орынды иеленді. Осы аталған байқауда сахналық қойылым бойынша Қ.Қайсенов жалпы білім беретін мектебінің оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев жүлделі орын алған оқушыларды қабылдап, алдағы уақытта еліміздің болашағы үшін үлкен жеңістерге жетуіне сенім білдіріп, арнайы аталымдар бойынша марапаттады.
Түркістан облысы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі лауазымына Егембердиева Динара Асылқызы тағайындалды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе бейәрекетіне қатысты шағымдарды қарайды. Сондай-ақ олар балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын дамытуға, ілгерілетуге қатысады.
Динара Асылқызының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз! Байланыс нөмірі: +7 (747) 885-31-63
Айта кетейік, бұл лауазымда 1 жарым жыл қызметте болған Гүлжан Вероцкаяға алғысымызды білдіреміз. Бала құқығын қорғау бойынша жаңа жобаларды сәтті жүзеге асырып, ерен еңбегін көрсетті. Қазіргі уәкілмен білікті психолог ретінде жұмысты жалғастырып, енді біріге қызмет атқарады.
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ӘРІПТЕСТЕРДІ РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Түркістан облысы білім басқармасында Ұлттық Республика күніне орай жиын өтті. Басқосуға басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы қатысып, әріптестерді мерекемен құттықтады. Жылы лебізін білдіріп, алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.
Жиын барысында Білім саласына қосқан сүбелі үлесі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Еңбек ардагері” медалі ардагер ұстаз Әмреева Ғалия Құлтайқызы мен Ақбергенов Асылбек Әуесбекұлына табысталды.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облысы әкімі Дархан Сатыбалдының “Алғыс хатымен” бірқатар білім саласындағы әріптестерге марапатталды.
Өңірдің білім саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасы бірқатар мамандарға берілді.
Басқарма басшысы да өзі атынан білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғас хат берді.
Баршаңызды Ұлттық Республика мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Егемендігіміз мәңгі болсын!
АУДАНДЫҚ СЕМИНАР: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖАЛПЫӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ»
Арыс қаласының білім бөлімі мен Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің жалпыәскери жарғылары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Мақсат — алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибе алмасуын дамыту, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып білім сапасын арттыру .
Семинарға Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің басшысы подполковник Ерлан Билалов, Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Құрман Қазбеков, аудандағы жалпы білім беретін мектептердің әскери жетекшілері қатысты.
Сабақ әскери сәлемдесуден және әнұранмен басталды. Әскери жетекшілер әскери атақтардың суретін таңдау арқылы «Офицерлер» және «Сержанттар» деп 2-ге бөлінді, әдістер де тиімді қолданылды. АӘД пәнін қайталау мақсатында «Нысана» әдісі арқылы жасырылған нысанадағы сұрақтарға жауап берілді. «Миға шабуыләдісін пайдалана отырып сиқырлы сандықта жасырылған затты табу арқылы жаңа тақырып ашылды.
Сабақ барысында әскери жетекшілер Google платформасы арқылы топтық жұмыстар және тест тапсырып жеке жұмыс орындады. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы жұптық жұмыстар жүргізілді. Сабақты «Kahoot» ойынымен қорытындылады. Кері байланыс QR код арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы берілді. Сабақ соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.
БАЛАБАҚШАЛАРҒА ҚОЙЫЛАР ТАЛАП КҮШЕЙТІЛГЕН
Басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы бірқатар балабақшалардың жұмысымен танысты. Танысу барысында мемлекеттік тапсырыспен отырған балабақшалардың қызметіне әлі де баса назар аудару керектігін айқындады.
Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтілген.
Осы ретте басқармаға бала санына қарай мемлекеттен тапсырыс алу бойынша мәселені көтерген балабақша меңгерушілері қабылдауда болып, басқарма басшысын балабақшаға шақырған еді. Жекеменшік “Айналайын” , АлиАсқар” балабақшасын аралау барысында бірқатар мәселелер анықталды. “Айналайын” балабақшасы 75 орынға тапсырыс берген, арнайы құрылған комиссияның шешімен 45 орынға берілді. Яғни,30 орынды негізсіз артық сұратқан. Күмән тудырғаннан кейін де басқарма басшысы өзі аралап, бөбекжайдағы бала санын түгендеді. Ал, “АлиАсқар” балабақшасы 50 жаңа орынға өтінім берген. Нәтижесінде, 45 орын берілді. Бұл балабақшаның да тыныс-тіршілігімен танысқан облыстың бас ұстазы “Балабақшаға мемлекеттік тапсырыс арқылы берілетін орындарды егжей-тегжейлі қарап, мемлекеттің ақшасының бос орындарға берілмейді” , — деп нықтап айтты.
Айта кетейік, өтінімге артық бала санын көрсетуге күмән келтірген балабақшаларды аралау жұмыстары жалғасады.
ОРДАБАСЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЮЖНЫЙ КАЗАХСТАН» ГАЗЕТІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ
2023 жыл ТМД-да ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы болып жарияланған. Осыған орай гуманитарлық, ғылыми, білім беру және ағартушылық маңызы бар 150 іс-шара жоспарланған.
Осыған орай «Южный Казахстан» газеті «Могучий и красивый русский язык» тақырыбында оқушылар шығармаларының байқауын ұйымдастырды.
Байқауға Ордабасы ауданының оқушылары белсене қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтсақ, К.Бектаев атындағы ЖОМ 9-сынып оқушысы Кемеңгер Рамазан, Амангелді атындағы ЖОМ 10-сынып оқушысы Вуйко Виктория жеңімпаз атанып, «Южный Казахстан» газеттің грамоталарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Түлкібас ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, аудандық әдістемелік кабинетінің пән әдіскері Дәулетқали Мархабатұлының ұйымдастыруымен «Майлыкент» жалпы білім беру мектебінің базасында тарих және география пәнінің мұғалімдерімен «Тарих және география пәндерін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсат — белсенді оқыту әдістерін пайдаланудың оқушыларға тақырыпты меңгертудегі шапшаңдығын арттыру.
Семинар барысында география пән мұғалімдері А.Дайрабекова «Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері», Ғ.Дуйсенбиев «Тарих-география пәндерін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану», тарих пәні мұғалімдері Д.Усембеков «Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы», Г.Халыкова «Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты» тақырыбында, Д.Усембеков, Г.Халыкова, Ғ.Дуйсеналиев үлгілі ашық сабақтар көрсетті.
Пән әдіскері Д.М.Уразбаев семинарды қорытындылап, аталмыш семинардың маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында мұғалімдер өз ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты.

Пікір жазу