Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ОҚУШЫЛАРҒА ЗАМАНАУИ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ ҮЙРЕТІЛДІ

ОҚУШЫЛАРҒА ЗАМАНАУИ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ ҮЙРЕТІЛДІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:

ОҚУШЫЛАРҒА ЗАМАНАУИ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ ҮЙРЕТІЛДІ
Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» 20.09.2023ж. №190 бұйрығы негізінде, «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын жүргізу шеңберінде, «Халықаралық зерттеулерде қарастырылатын әлеуметтік және эмоционалды дағдылардың сипаттамасы» тақырыбында таяуда Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Сауран» жалпы білім беретін мектебінде әлеуметтік педагогтерге арналған аудандық семинар өтті.
«Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін, функционалдық сауаттылығын дамыту — заман талабы» атты тақырыпта директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары О.Табынбаев баяндама жасады.
Сондай-ақ, мектеп психологтары А.Дүйсекеева, Б.Әбдікерім семинарға қатысушы құрметті қонақтарға тренинг ұйымдастырды.
Аталған шара барысында мектептің әлеуметтік педагогы Г.Алмаханова «PISA — 2023 халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Тәжірбие алмасу барысындағы аудандағы өзге мектептердің жауапты мамандарының баяндамалары толықтыра түскен шараны, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Бәймен қорытындылады.
Семинардың жоғары деңгейде өткендігін тілге тиек еткен әріпте
ПЕДАГОГТЕР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
Сауран ауданының спорт кулбында «Ұстаз барысы» додасының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Педагогтар арасында қазақ күресін дәріптеуге арналған аталмыш доданың аудандық кезеңінде ұстаздар жарыс ережесіне сәйкес, жеті салмақ дәрежесі бойынша күресті. Жекпе-жекке кәсіби балуандар емес, жас ұрпаққа ұстаздық етушілер қатысқанына қарамастан, «Ұстаз барысы» аудандық жарысы барлық ережелерге сай өтті.
Боз кілем үстінде өзара күш сынасқан педагогтар арасынан І орын иегері атанған жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛАТЫН ОҚУШЫЛАР ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ
Ағымдағы жылдың 13-қазан күні Жетісай қаласының Мәдениет сарайында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Біз біргеміз!» жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар арасында өнер фестивалі өтті. Фестивальға 73 мектептің білім алушылары қатысты.
Аталған іс-шара шеңберінде балалар ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлең оқудан сайысқа түсті. Балалардың өнері әділ қазылар тарапынан өз деңгейінде бағаланып, жүлделі орындарға ие болды.
Фестиваль соңында барлық білім алушыларға сый-сияпат және үздік өнер көрсеткені үшін мадақтама таратылды. Қатысушылар өнерлі өрендерге жылы лебіздерін білдірді.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР НАСИХАТТАЛДЫ
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің аға тәлімгері Роза Миркебаева мен 6-сынып жетекшісі Айжан Анасованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге бағытталған ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсат — оқушыларды Отансүйгіштікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Аталған ашық тәрбие сағаты барысында оқушылар Әнұранды орындады. Ту, Елтаңба, Әнұран туралы деректер айтып, өлең-тақпақтар мен «Көк тудың желбірегені» әнін қосыла шырқады. Мұғалім сабақты қорытындылау кезінде сұрақ-жауаптар мен кеспе қағазға тірек сөздер құрау тапсырмасын берді.
Қысқасы, бұл сабақ оқушыларды жоғары мәдениетке баулуға, олардың патриоттық және азаматтық сезімдерін оятуға арналды.
«БІЗ БІРГЕМІЗ, БӘРІН ЖЕҢЕМІЗ» АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ
Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Алтын сақа» бөбекжай- бақшасында «Білім – тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында балабақша психологы Шахиста Адамбек, семинарға қатысушы әдіскерлерді 2023-2024 оқу жылының әдістемелік нұсқаулық хатымен таныстырды.
Сонымен қатар, ҚР педагогтер сьездіне қатысып қайтқан тәрбиеші Матлюба Алиддинқызы өзінің жаңалықтары мен әсерлерін түрлі видеоролик және презентация арқылы бөлісті. Семинар қатысушылар балабақша ұжымына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.
ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСҚА ҚАТЫСТЫ
Алматы қаласында актерлық қабілеті бар оқушыларға арналған «Театрдың ғажайып әлемі» атты республикалық фестиваль-конкурс өтті. Бұл іс-шараға фестиваль-конкурстың аудандық, облыстық кезеңдерінен сүрінбей өткен жастар – Төлеби ауданындағы Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушылары Ақерке Төленбай, Аружан Елеуіс, Қарлығаш Бахадир, Аяулым Асқар, Тоғжан Сәбден, Балнұр Мұхамбеталы, Азамат Елубай және Мейрамбек Қарабай қатысып қайтты. Олар педагог Нұрсейітова Айгүл Мұсаханқызының жетекшілігімен аталмыш фестиваль-конкурста қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасын сахналап, актерлық шеберліктерін шыңдады әрі көптеген балалар театр ұжымдарының тәжірибесімен танысты.
Бір айта кетерлігі, аталған оқушылардың көпшілігі облыстық өнер фестивалінің жүлдегерлері.
ТҮЛКІБАС: АУДАНДЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
Түлкібас аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Қ.Қонысбековтің ұйымдастыруымен «Тілім тұмарым» атты жас ақындар арасында аудандық айтыс өткізілді.
Мақсаты: білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағыттарын насихаттау, Қазақстан Республикасының оқу ағарту министірлігінің 06.09.2023 ж күнгі №04-1-04-2/5297-И хаты негізінде және жас ақындардың өнерін шыңдау және дамыту.
Ұлтық құндылықтармен салт дәстүрлерімізді сақтау – Отанымыздың орнықтылығының кепілі. Бұл мемлекет үшін, дәстүрлерді, ұлттық құндылықтарды және ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін өте маңызды. Өткізіліп отырған айтыстың басты мақсаты да осы негізде. Айтысқа қатысып, бақ сынасқан оқушылар көрсеткен өнерлеріне қарай әділ-қазылар тарапынан бағаланды және бас жүлдені жеңіп алған Абай атындағы мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Қуан Рамазан 2023 жылдың 20 қазан күні өткізілетін облыстық ақындар айтысына жолдама алды.
Айтысқа, жалпы 15 білім мекемесінен 5-10 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара өте қызықты, тақырып аясында кеңінен насихатталған тартысты сайыс өтті.
КЕНТАУЛЫҚ ҰСТАЗ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ!
Кентау қаласы білім бөліміне қарасты «Кентау балалар көркемсурет мектебінде» Қала күніне орай, қылқалам шебері Исабеков Болат Керімшеұлының шығармашылық көрмесі өтті.
Көрме мақсаты — автордың еңбегін көпшілікке таныстыру, көркемсурет мектебі оқушыларына шығармашылық шабыт сыйлау, үлгі көрсету.
Аталған іс-шараға Кентау қалалық білім бөлімінің, мәдениет бөлімінің мамандары және автордың өнердегі әріптестері мен мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шығармашылық көрменің ашылуына актер Жүсіп Ақшораев арнайы келіп сөз сөйлеп, шығармашылық табыс тіледі.
Автор өзінің шығармашылық жолымен және еңбектерімен терең таныстырып сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында Исабеков Болат Керімшеұлына Кентау балалар көркемсурет мектебінің басшысы Нұржан Ысқақұлы Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшелігінің куәлігін және төсбелгісін табыс етті.

Пікір жазу