Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮРКІСТАН: 5000-ҒА ЖУЫҚ ПЕДАГОГ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: 5000-ҒА ЖУЫҚ ПЕДАГОГ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС АЛДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” КММ “Білім мен инновация: Білім беру процесіне жаңа көзқарас” атты тақырыпта “Ашық есік күнін” өткізді.

Атаулы іс-шарада Түркістан облысы бойынша 5000-ға жуық педагог әдістемелік кеңес алды. Облыс бойынша алғаш рет қолға алынған жоба аудан/қаладағы білім беру ұйымдарында да ұйымдастырылды.

Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы; аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері ұйымдастырған бұл ауқымды іс-шараның басты мақсаты – облыс педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы проблемалық жағдайлар бойынша уақтылы шешімдер қабылдау бойынша қажетті консультативтік көмек көрсету болып табылады.

Мұғалімдер кәсіби шеберліктері мен шығармашылықтарын қалыптастыруды дағдыланып, білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мазмұнын жетілдіру жөнінде кеңестер алды. Бұдан бөлек, өзара тәжірибе алмасты.

Құзырлы мұғалім құндылығы оқушы-тұлғаны ынталандырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту аталған “Ашық есік күнінің” ең негізгі міндеттері болып саналады.

Айта кетерлігі, бұл бастаманы жылына 2 рет қолға алу жоспарға енді. Өз кезегінде мұғалімдер қауымы үшін мұндай игі шараның берері көп.

 

 

 

Пікір жазу