Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » САУРАН: «АЛТЫН ТҰҒЫР» ОЛИМПИАДАСЫНА 48 МЕКТЕПТЕН 82 МҰҒАЛІМ ҚАТЫСТЫ

САУРАН: «АЛТЫН ТҰҒЫР» ОЛИМПИАДАСЫНА 48 МЕКТЕПТЕН 82 МҰҒАЛІМ ҚАТЫСТЫ

Сауран ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиада мақсаты — бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмытылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді анықтау, қолдау, ынталандыру және жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жолдарын үйретіп, бағыт — беру.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне 48 мектептен 82 мұғалім қатысты.
Олимпиада тапсырмалары екі бөлімнен тұрады. Берілген уақыт — 60 минут, осы уақыт аралығында әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау арқылы қатысушы мұғалім 100 ұпай жинайды.
І — бөлім. Тест түрінде берілген 10 есептің әр дұрыс жауабына 5 ұпай, жалпы ұпай саны — 50 ұпайды құрайды.
ІІ — бөлім. Бос орынды толтыру, 10 есеп беріледі, мұнда орындаушылар тек жауаптарын толтырады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі, жалпы ұпай саны — 50.
Олимпиаданың аудандық кезеңінің нәтижесі бойынша жоғары ұпай жинаған З.Жолдасбекова — А.Байтұрсынұлы жббм; Б.Джармуханбетова — Аманкелді жббм; Г.Мамадалиева — Қарашық жббм; М.Худойбергенова — Х.А.Яссауи жббм; У.Азизбекова — Құмтүйін жббм; Ш.Бакаева — №1 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері облыстық кезеңге жолдама алды.

Пікір жазу