Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮРКІСТАНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ТҮРКІСТАНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Түркаістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен қаламыздағы Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде математика пәні бойынша «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін интерактивті сервистерді тиімді пайдалану» тақырыбы аясында қалалық тәжірибелік семинары өткізілді. Қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің математика пән мұғалімдері қатысқан тәжірибелік семинар мектеп мұғалімдері дайындаған көрмені тамашалаумен басталып, тәжірибелі педагогтардың ашық сабақтарына қатысумен жалғасын тапты.
Семинардың алғашқы сабағын мектептің математика пәні мұғалімі, тәжірибелі, білікті маман Ақтолқын Сейсенова «Жәй бөлшектердің негізгі қасиеті» тақырыбында көрсетсе, Жанар Пазылбекова «Конбинаторриканың негізгі ұғымдары мен ережелері» атты сабағын, Марат Асылбеков пен Замира Абдуллаева «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту интеллектуалды ойындар арқылы жаңа технологияны пайдалану» тақырыбында шебер сағатын, Шоира Давлетова мен Айсұлу Сулейменова «Альфа ұрпақтың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған цифрлық құралдар» тақырыбында коучинг сабағын ұсынды. Бұл тәжірибе алмасу семинарына қаламыздың өзге де математика пәні мұғалімдері қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Бапсұлтан Рысбай «Кеңістіктегі фигуралар. Тетраэдр, куб, параллелепипед» тақырыбында, Ө.Жәнібеков атындағы №27 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Динара Абдуллаева «y(x функциясы, оның графигі және қасиеттері» тақырыбында сабақтарын жүргізді.
Семинар қорытындысы бойынша басқосу өткізіліп, қатысушы педагогтар өздерінің ұсыныс-пікірлерін, пәнді оқытуды дамыту бойынша өзекті ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, сабақтар барысында тың ақпараттар айтылып, әртүрлі әдіс-тәсілдер жүргізіліп, жақсы көңіл-күй сыйлағанын тілге тиек етті.

Пікір жазу