Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » «Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастырудың инновациялық жолдары» семинары өтті

«Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастырудың инновациялық жолдары» семинары өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты,» Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастырудың инновациялық жолдары» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
Мақсаты:Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына қатысты тәрбие берудің тиімді жолдарын айқындау. Ұлттық құндылықтар- біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіруде мектептің алар орны ерекше.
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұратбек қатысты 6″ә» сынып жетекшісі Турысбекова Анар » Мейірімділік — ізгіліктің жолы» тақырыбында тәрбие сағатын,5″а» сынып жетекшісі Сығалаева Құрманай» Адамгершілік- басты адами қасиет»атты тәрбие сағатын,11″а»сынып жетекшісі Калмагамбетова Жанна «Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің есігі» тақырыбында кездесу, 7″а»сынып жетекшісі Кузанбаева Жанар «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»атты тәрбие сағатын,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі Кемпірбай Айжан,әлеуметтік- педагог Ысқақ Гүлмира, тәлімгер Көбей Ажар «Отбасы құндылығы- сарқылмас қазына»тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Семинар соңы марапатқа ұласып, қонақтар жақсы әсер алып, керемет көңіл- күймен аяқталды.
Ұстаздардың ойына ой салатын,шығармашылығын шыңдайтын, ізденіске бағыттайтын,мектептегі жолға қойылған жұмысты одан әрі жандандыруға түрткі болатын керемет жұмыстар, тәжірибе алмасулар, семинарлар жалғасын табуда.
Қорытынды кезінде өз пікірлерін білдірді.

Пікір жазу