Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ЖӘНЕ ЛОГОПЕД МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ЖӘНЕ ЛОГОПЕД МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Тәрбиелі, білімді, жан-жақты дамыған балалар — ертеңгі еліміздің болашағы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту — мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Балаларды тәртіпке үйрету, зейінін ашу, жан-жақты дамытуда балабақша қызметкерлері өз үлестерін қосуда.
Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Балдырған» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың психолог және логопед мамандарына арналған әдістемелік отырыс өтті.
Балаларға оқу-тәрбие жұмысын тиімді әрі нәтижелі жүргізу үшін нормативті құжаттардың жүргізілу жолдары мен маңызын түсіндіру мақсатында өткізілген әдістемелік отырыста Түркістан қаласы білім бөлімінің психолог әдіскері Г.Серікбай 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулықпен және қолданыстағы білім беру стандартына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Ж.Кыстаубаева «Психологиялық қызмет: мәселелерді шешуде инновациялық әдістердің тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі таңдағы арт терапиясының маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, осы балабақшаның логопед маманы А.Әбибуллаева «Сөйлеуді дамытудың Еуропалық методикасы» бойынша баяндама жүргізді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы тілінің кеш дамуының алдын алу жолдарына тоқталды. Ал, «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Г.Шаймердинова «Жақсы көңіл-күй — жағымды ахуал» атты тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында педагогтар қауымы ұйымшылдықпен, ұжыммен бірлесе жұмыстар жүргізе білді.

Пікір жазу