Rентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жыл 18 қазан күні Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Мақұлбекованың ұйымдастыруымен «Педагогтердің курс алды шығармашылық тақырыптарын жинақтау, зерттеу, талдау, ұсыныс беру» тақырыбында қалалық жалпы білім беретін мекемелердің оқу орынбасарларына оқыту семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты:
-педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру,
-заманауи оқыту әдістерін сабақта тиімді қолдану,
-педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
Оқыту семинарында Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектептің директордың оқу орынбасары А.Арыстанбекова «Педагогтердің курс алды шығармашылық тақырыптарын жинақтау, зерттеу, талдау, ұсыныс беру» тақырыбында мазмұнды баяндама оқыды. Онда жаңа тұрпаттағы білім жетілдіру курсынан өткен мұғалімдермен жүйелі жұмыстар жүргізу, яғни, бір тақырыпта, бір бағытта курстан өткен мұғалімдерден шығармашылық топтар жасақтау мұғалімнің ойлау тұрпатын өзгертуге көмектесу жайында мәлімет берілді.
Физика пәнінің мұғалімі Садыкова Роза «Функционалды сауаттылық тапсырмаларын ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға тапсырма құрастыру» тақырыбында тәжірибе сынағын өткізді. Қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады. Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу материалдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылыстары бар балаларға қолдану қажеттігі айтылды.
Биология пәні мұғалімі А.Көбекова «Цифрлық лабораторияны биология сабағында қолдану» тақырыбында пән мұғалімдеріне сайттан алынған ақпарат пен тәжірибе жұмыстарын көрсете отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды көрсетті.
Математика пәні мұғалімі Д.Шағырбаева «Функция графиктерін түрлендіру (bilimclass және geogebra платформасы)» тақырыбында 3D форматта сабақ өтудің тиімділігі жөнінде қатысушыларға кеңінен мәлімет берілді.
«Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау белсенділігін арттыру бағытындағы «Жас ғалым» шығармашылық тобының жұмыстары» тақырыбында топ жетекшісі Б.Устемирова бейнеролик арқылы жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесін көрсетті. Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Мақұлбекова оқыту семинарын қорытындылап, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірді.