Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА

«АMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбеталиевтің тапсырмасына сәйкес Кентау қалалық партия филиалының ұйымдастырумен қаламыздағы мектептерде ыстық тамақпен қамтылуына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері А.Розибаев, Берік Алибаев қалалық партия филиалының консультанты Бейсен Самбетов Б.Момышұлы атындағы № 12 жалпы орта мектебінде және М.Әуезов атындағы № 22 мектеп — гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына сараптама жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі N158 бұйрығы негізінде, қыркүйек айының 1 жұлдызынан бастап 1-4 сынып аралығындағы барлық оқушылар тегін тамақтану құқығына ие және жеке санаттағы 5-11 сынып оқушылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуы тиіс. Осыған орай Кентау қалалық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған мектептерде сараптама жұмыстарының нәтижесінде, тамақ мәзірі бекітілгенін және беріліп жатқан ыстық тамақтың мәзірге сәйкестігі және сапасына көз жеткізді. Бұл мектептерде, № 12 мектепте II ауысыммен 289 бала, ал № 22 мектеп — гимназиясында 466 бала тамақтанады.

Пікір жазу