Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған шарада полиция халыққа бірінші кезекте түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.
Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізілетін рейдтік шарада облыс халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.