Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Нурполат Талиповтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер, жауапты мамандар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссия мүшелері қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында сөз алған ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Амирханов, басқа да дербес бөлімдердің жауапты мамандары жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.
Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Н.Талипов мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікір жазу