Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Сарыағаш ауданының әкiмi Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданында Әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері бойынша мәжіліс өттi, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мәжіліске аудан әкiмiнiң орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкiмдерi және ауданның дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.
Сарыағаш ауданында Әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы аудан әкімдігі аппаратының басшысы О.Ыбрайдың баяндамасы тыңдалды. Сонымен бірге, мәжіліс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері бойынша ұсыныстар айтылып, мекеме басшылары мен қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандары үшін ұстау туралы бейне роликтер көрсетілді.
Мәжілісі қорытындылай келе аудан басшысы:
-Сыбайлас жемқорлық — бүгінгі таңда көптеген елдерде кеңінен бел алып қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыстың бірі. Жемқорлық бүгінде қоғам дертіне айналып отырған күрделі мәселе. Келешек ұрпағымыздың жүзі жарық болып жүруі үшін, біз күнделікті қызмет барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарының қойылған талаптарын қатаң сақтап, мүлтіксіз орындап, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің оны бұзуына жол бермеуіміз керек. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу — мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Сондықтан алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықпен күресті пәрменді жүргізе береміз,- деп аудан басшысы.
Жиын соңында Арман Абдуллаев аудан әкімінің орынбасарлары, қала, ауылдық округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылыққта болатынын ескертілді.
Талқыланған ұсыныстар мен сұрақтар бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар беріліп, хаттамаға енгізілді.

Пікір жазу