Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған

Аталмыш заң негізінен әйелдер мен балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жауапкершілікті қатайту, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. Президент бұған дейінгі халыққа арнаған Жолдауларында әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

Расында, соңғы жылдары отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының тым көбейіп кеткені жасырын емес. Соның салдарынан шаңырақтың шайқалуы, балалардың жетім қалуы, ажырасу сияқты халқымызға жат көріністер белең ала бастады. Әйелге, балаларға қол көтеру фактілері жиілей түсті. Бұрын тұрмыстық қылмыстар көбінесе жұмыссыздар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар арасында көптеп кездесетін еді. Ал, қазіргі уақытта материалдық жағдайы жақсы, үлгілі отбасылар арасында да зорлық-зомбылық деректері жиі тіркелетін болды. Зардап шеккен әйел көп жағдайда жәбірленушіні заң бойынша жауапқа тартуға қарсы болатын. Яғни зәбір көрсетуші жазасыз қалатын.

Жаңа құжатта осы олқылықтардың барлығы ескерілген. Аталмыш заң негізінен әйелдер мен балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жауапкершілікті қатайту, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заңға балаларды қорқыту және кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жалпы, заңның негізгі мақсаты – жазалау емес, осындай оғаш оқиғалардың алдын алуды көздейді.

С.ЖҰМАТАЕВ,

ішкі істер саласының ардагері,  полиция полковнигі.

 

 

 

Пікір жазу