Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл  қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейтуді атап өтті.  Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың және оларға қатысты жасалып жатқан қылмыстардың, зорлық-зомбылық әрекеттерінің және балалар еңбегін қанаудың алдын алу және болдырмау мақсатында Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаев бастаған аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері, жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторларымен бірге қала аумағындағы тойханаларда жасөспірім балалардың жұмыс жасауы бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мүшелерімен жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында тойхана иелеріне және жасөспірімдерге түнгі мезгілдегі тиым салынған жұмыстар және жасөспірімдердің еңбегін пайдаланудың заңдылықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары орындалмаған жағдайда әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңының талаптарына сәйкес баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
Алдағы уақытта жергілікті атқарушы мекемелер тарапынан балалар еңбегін қанаудың алдын алу және болдырмау мәселелері бағытында мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың аддын алу аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сайрам ауданы, Қарамұрт елді мекеніндегі барлық мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыс, олардың себеп салдарының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-насихат тобының құқықтық кеңес беру жиналысы өтті.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген келелі кездесуге аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы М.Есалиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Мусаева, аудандық полиция басқармасының және медицина саласының қызметкерлері, ақсақалдар және аналар кеңесінің мүшелері, аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Р.Абдужаппарова қатысты.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуда сөз алған М.Есалиев: «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында ой бөлісті. Қ.Мусаева өз сөзінде: Жасөспірімдер тәрбиесінде «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының алатын маңызын айтты.
Жиынды қорытындылаған Б.Мамадиярұлы аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керектігін жеткізді.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.

Мақтааралдық жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Ғ.Жумадиловтың қатысуымен «Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы білім беру мектебінің» оқушылары және ұстаздарына алкогольді ішімдік ішуге қарсы мәдениетті қалыптастыру, лудомания, интернет алаяқтық, есірткіге қарсы тақырыптарда семинар өтті.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Жиын барысында Ғ.Жумадилов белгіленбеген орындарда суға шомылудың салдарын айтып, төтенше жағдайларды болдырмау туралы түсіндірді. Жиын соңында мектеп оқушыларды және ұстаздарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріліп, айтылған ұсыныстарды орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылатындығы түсіндірілді.

Мектеп оқушыларына өз қауіпсіздіктерінің алдын алу шаралары таныстырылды. Түркістан облысы полиция департаменті Созақ ауданы полицейлерінің қатысуымен Шолаққорған ауылындағы №14 Т.Әлімқұлов интернат-лицейінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналып отырған, жастар арасында деструктивті діни идеялардың таралуына жол бермеу, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың оның ішінде, “Әлімжеттік, бопсалау, қорқыту, бұзақылық, қарақшылық, тонау, вандализм, ұрлық, алаяқтық, нашақорлық, лудомания қылмыстарының және зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алуды мақсат еткен жиында мазмұнды бағыттағы пікір алмасулар орын алды.
Полиция капитандары Данияр Ыбыраш және Рахат Уәлиева, сонымен қатар Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмаханов және Жастар ресурстық орталығының маманы Ниязәліқызы Ләйла қатысқан бұл шарада жастар өз ойларын ашық ортаға салып, аталған тақырып бойынша құқықбұзушықтардың орын алу себептері мен алдын алу бағыттарын да ұсынды.
Кездесу барысында оқушыларға тақырыптарға сай бейне роликтер көрсетіліп, кең ауқымда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кері байланыстар жасалды.
Құрметті ата-ана!
Жасөспірім, кәмелетке толмаған балаларыңызға бақылау және қадағалау жұмыстарын қатаңдатуларыңызды, сонлдай ақ жазғы демалыс мезгілінде өз бақылауыңызға алып қадағалауды сұранамыз!

Сайрам ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, тиісті дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Басқосу барысында тиісті бөлім басшыларының аталған тақырып туралы баяндамалары тыңдалды. Бұдан бөлек, қиын отбасыларға әлеуметтік қолдау, отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға ықпал жасау, мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік, зорлық-зомбылық, ақша жинау фактілерін анықтау мақсатында жалпы білім беретін мекемелерде сауалнамалар жүргізу туралы мәселелер талқыланды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаздардың ұдайы назарында болуын және олардың арасында құқық бұзушылықтар туындаған жағдайда комиссия шұғыл шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі керектігін айтты.

Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:

  1. Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.
  2. Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.
  3. Көше. Отбасында және мектепте қолдау мен көңіл бөлінбей өскен кәмелетке толмаған адам қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыра алатын басқа ортаны іздейді. Жас-өспірім, әдетте, көшеде қарым-қатынастың жетіспеушілігін толтыруға тырысады. Егер мұнда ол «жаман» әсерге ұшыраса, онда оның қалыптасуы теріс болуы мүмкін. Әдетте, мұндай жасөспірімдердің тұрақты қызығушылықтары жоқ, спорттық және басқа үйірмелер мен секцияларға қатыспайды, мақсатсыз уақытты өткізуге мәжбүр болады.

Пікір жазу