Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » САЙРАМ: ЖАУЫНГЕРЛЕРІМІЗДІҢ САРА ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САПТЫҚ ШЕРУ

САЙРАМ: ЖАУЫНГЕРЛЕРІМІЗДІҢ САРА ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САПТЫҚ ШЕРУ

Сайрам ауданы аумағындағы Орталық саябақта 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген сарбаздарымыздың саптық шеруі өтті. Оқушылардың отансүйгіштік сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Ақсукент Бастауыш Партия Ұйымының» төрағасы Берік Құдайберген, аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметов, аудандық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ермеков, аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысы Мұхан Баймбетов және Ішкі істер органдарының ардагерлері, құқық қорғау қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиында алғаш сөз тізгіні аудан әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлына берілді. Өз кезегінде, барша аудан тұрғындарына, сардарлар мен сарбаздарға ақ тілегін арнады. Мерекелік құттықтау сөзінде:
— Бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз! Тәуелсіздігіміз бен тыныштығымызды, қауіпсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Халқы көп, тығыз орналасқан ауданымыздағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы, бейбіт өмірдің нышаны болып жүрген Сіздерге қашанда қырағылық пен жігер тілеймін! Отан қорғаушы батырларымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке тілеймін! — деді.
Бұдан бөлек, ауданның атқамінер азаматтары өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың баянды болуы жолында өлшеусіз үлес қосып келе жатқан бірқатар қызметкерлерге аудан әкімі Арман Сәбитовтің арнайы Алғыс хаттары табысталды. Салтанатты жиын соңы сарбаздар мен қызметтік көліктердің сап түзеп жүрген жарқын көрінісімен жалғасын тапты.

 

Пікір жазу