Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда

Полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандағы білім беру ұйымдарына барып, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында полиция бастығының бірініші орынбасары Нұрлыбек Нарбаев мектеп оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге жалпы құқық бұзушылық алдын алу, құмар ойындар, лудомания, есірткінің алдын алу тақырыбында түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіре отырып, қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлерін айтты. Сондай-ақ қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.

Сонымен қатар полиция подполковнигі Н.Нарбаев өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесі барысында орын алған оқиғалар мен мысалдар келтіре отырып, қылмыс жасаған жағдайда қандай себеп пен салдарға әкеліп соқтыратынын және 14 жастан бастап қылмыстық, ал 16 жастан бастап әкімшілік жауапкершілік туындайтынын ескертіп түсіндірді.

Шара соңында мектептің қауіпсіздік жағдайын тексеру мақсатында бейнебақылау камералары және турникеттері, дабыл қоңыраулары тексерілді. Ал кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды.  Оқушылар арасындағы құ­қық бұзушылық пен қыл­мыстың алдын алу мақса­тын­да мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және мектеп ұстаздарынан құралған. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде «Полицияға Жәрдемдесу Жедел Тобы» құрылды. Мектепте нарколо­гиялық бекеттер жұмыс іс­тей­ді. Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде  спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған  оқушы тар­ты­лып отыр. Қылмыстың алдын  алу­дың бірден-бір жолы – оқу­шылардың мектептен тыс уа­қытта қосымша біліммен қам­тылуын дұрыс ұйым­дас­тыру. Бүгінгі күні мектептегі мектептен тыс  оқушы қосым­ша біліммен қамтылып отыр.Осы атқарылған жұмыс­тар­дың нәтижесінде кәме­лет­ке толмаған жасөспірімдер  ара­сындағы қылмыс саны азая түскен. Мысалы,қалалық ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрұған бала жоқ.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұр­ған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыға­ды. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүрген­дерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер орган­дарын­да есепте тұрған оқу­шылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар  еліміздің болашағы.  Жастар қоғамымыздың  жұрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек» – деген еді.

Азаматтың міндеті –  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.  Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу басты міндет. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.
Жыл сайын жаз маусымы басталып,оқушылар,студенттер демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді.
Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Оқушылар демалысқа шығып,мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі.Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр.
Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында.

Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер дәл қазіргі таңда белең алуда.

Қылмыстылықпен күресуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылық шараларын іске қосуда. Қазақстан Республикасының Президенті 2003 жылы 10-қыркүйекте қылмыспен қарсы күрес мәселелері бойынша Республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде қылмыспен күрес ортақ іске үлес қосқандық деп атап көрсетіп, осы істі жүзеге асырудың нақты он түрлі жолын қадап айтты.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік өкімет және басқару органдарының қызметін одан әрі жетілдіруді, елімізде құқықтық мемлекет құру ісінде сапалы заңдарды қабылдауды өрістету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда мемлекеттік билік органдарын әділеттілік, заңдылық, жариялылық, ізгілік принциптерін басшылыққа алған мінсіз қызметі өте қажет.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жасаған қылмыстары арасында тонау, қарақшылық, қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, зорлау секілді қылмыстар кең тараған, ұрлық және бұзақылық қылмыстарының 75-80 % кәмелетке толмағандардың үлесінде.

Криминологтардың көптеген зерттеулері кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы бұл негізінен топтық қылмыс екендігін дәлелдеп отыр. Еліміздегі кәмелетке толмағандардың топтасып қылмыс жасау деңгейі алаңдатарлық деңгейде екендігі статистикалық мәліметтер көрсетуде.

Білім беру мазмұны тікелей мынадай негізгі мақсаттарға жетуге бағытталуы керек: баланың тұлғасын, талантын, ақыл-ойы мен дене қабілеттерін дамыту, адам құқықтары мен оның негізгі бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, атаанасын, бала тұратын, туған және өзінен бөлек өркениетті елдердің тілін, құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, өзара түсіністік, тыныштық, шыдамдылық, еркек пен әйелдің тең құқылығы, халықтар арасындағы, этникалық және діни топтар достығы, сондай-ақ жергілікті халыққа құрмет рухындағы саналы өмірге әзірлеу.

Кәмелетке толмағандардың қылмысын ерте алдын алудың негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу және қолайсыз отбасын декриминализациялау, бұған құқықтық нормаларды жетілдіру және балаларды тәрбиелеудегі азаматтардың жауапкершілігін арттыру шаралары енеді.

Мына жайды атап өту керек, қолайсыз отбасында  өскен  кәмелетке  толмағандардың  бұзақы болу мүмкіндігінің жоғары болуы соншалықты, осындай отбасыдан шыққан кәмелетке толмағанның қоғамға қарсы немесе аморалды бағдар алмай, иә болмаса құқық бұзушылық жолына түспеуі өте сирек кездесетін жағдай. Отбасы кәмелетке толмағандар тұлғасының қалыптасуына жас ұрпақ тәрбиесіне қатысатын басқа әлеуметтік институттардан гөрі көбірек белсенді ықпал етеді.

Бүгінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде оң нәтижеге жету үшін қолайсыз отбасыларына ықпал ету жүйесін өзгерту қажет, мұндай бұзушылықтар үшін тек қана ата-аналық құқынан ғана айырып қоймай, бас бостандығынан айыруды қарастыратын ата-аналардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі жауапкершіліктің тиімді институттарын құру керек, бұндай институтты құрмайынша кәмелетке толмағандардың оң бағыттағы құқықтық санасын қалыптастыру туралы айту мүмкін емес, себебі балаларға тәрбие және бұл өмірде дұрыс бағыт беру үшін жауапкершіліктің мүлдем жоқтығын айтуға болады. Ата-аналарының балаларды тәрбиелеуге құқығы (сонымен қоса және осы үрдістің құқықтық құрамына) ата-аналық құқықтарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі.

Сонымен бірге, қазіргі жағдайда білім беру мен тәрбиелеу деңгейіне жалпы әлемдік талаптың күшею тенденциясы ата-аналарға балаларға қатысты көп міндет пен көп жауапкершілік жүктейді.

Кәмелетке толмағандардың қылмысын алдын алудың жалпы әлеуметтік шараларының жүйесінде кәмелетке толмағандарды еңбекпен қамтамасыз етуге жетекші, басты орын беру қажет.

Әлемдік практика көрсеткендей нарықтық қатынастар адал және әділ еңбекті қажет етеді. Ал, еңбекке адамгершілік қатынасты бала жасынан тәрбиелеу керек. Осыған орай жұмыссыздықтың ұдайы көбеюіне байланысты еңбекке орналасу саласының жаңа жағдайында басты міндет кәмелетке толмағандар мен жастарды жұмысқа орналастыруда, кәсіби қайта бағыттауда, даярлауда және қайта даярлауда көмектесу болып табылады. Кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесі – экономикалық тұрақсыздық пен әлеуметтік-мәдени дағдарыс жағдайында кешенді көзқарасты қажет ететін ең күрделі және қиын шешілетін мәселе.

 

Пікір жазу