Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жиын өтті

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жиын өтті

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты “Қарабастау” жалпы білім беретін мектебінде “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандарға жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте-жүктілік өз-өзіне зақымданған (аутоагрессия), аутодеструктивті мінез-құлық, СӨСҚ бойынша түсіндіру және күресудегі” іс-шараларды Қазығұрт ауданының жергілікті өкілдігі және атқарушы органдарымен өзара мекеме аралық іс-қимылдарды жүзеге асыру бағытындағы меморандумы негізінде жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топ мүшелері аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері Е.Сариев, аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері Е.Жақсыбай, аудандық емхана нарколог маманы, жастар орталығының инспекторы, полиция инспекторы А.Қуандық 8-11 сынып оқушылармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты — кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу, оның ішінде мектеп оқушыларының қатысуымен орын алатын бұзақылық, топтасып төбелесу, заңсыз қаржы жинау, түнгі уақытта ата-ана қадағалауынсыз қоғамдық жерлерде жүрмеуді алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға сұрақ қойылып, бейнеролик көрсетілді. Кері байланыс орнатып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Жастардың әлеуметтік қауіптік тобының әлеуметтік толысуы мен ересектер тобына енуі кезеңінде теріс қылықтарға бейімдеуі ерекше болады, өйткені бұл уақытта олардың психикасы тұрақсыз, әрі мінез –құлықтары қалыптаспаған болып келеді. Алқаштардың, нашақорлардың, рецидивистердің балалары өздерінің осы отбасында дүниеге келуімен – ақ қауіпті топтың аса ауыр тобына жатады, олардың болашақта қылмыскер болуы қалыпты отбасына балаларына қарағанда 3 – 4 есе жоғары. Қауіпті топтарға толық емес, отбасынан шыққан, жалғыз шешесі мен немесе әкесімен тұратын балаларды да жатқызуымызға болады. Әкесі болсын, шешесі болсын заңды жоғары ұстанатын және ішімдікті аузына азаматтар болса да, бұл балалар үшін, екі ата –анасымен де тұратын балаларға қарағанда, қылмыскер ортасына түсу мүмкіндігі 1,5 есе жоғары. Одан да басқа «… әл –ауқаты жоғары, толық огтбасыларынан шыққан балалардың өздері мінез –құлықтары мен психикасында, қолайсыз жағдайларда қайғыға ұшыратуға апаратын, ерекше белгілерге ие болғанда, қауіпті топқа жатқызылуы мүмкін» деген осындай пікірлер де орын алған. Бұл мынандай балалар: басқа дамға жаны ашымайтын, өзін оның орнына қоя білмейтін; еңбек ете білмейді, не оны жақсы көрмейді, оның күрделенген нұсқасы: олар сонымен қатар өмірдің деңгейіне жоғары талаптар қояды; қорқақ және дербес емес, өзінің қадір – қасиетін бағалай білмейтін, көсбасшылардың басқаруында қалатын; эмоцианалды дамымаған, беріліп жақсы көру мен тереңінен сезіне білу қасиеттері жоқ; өзінің қылықтарының саналы түрде бағалай алмайтын, түк құрымаса, алдыңғы күнін болжай алмайтын; рухани және мәдени қызығушылықтары жоқ, оның барлық қажеттіліктері түкке тұрғысыз нәрселердің маңайына шоғырланған: дәмді тамақ ішу, «видик» көру, керемет «прикид» кию, «клевый» дос немесе құрбы тауып алу;қызғаншақ өзгенің табысы мен қуанышына қуна алмайтын.
Қазақстандық заңгер М. Нарықбаевтың жастар қылымысына әсер ететін жас адамның әлеуметтік – психологиялық мінезіне қатысты пікіріне келер болсақ, жас адамдар жасамайтын зорлық жасап істеген қылмыстың өсуінің проблемасына талдау жасай отырып, ол ересектерге қарағанда жастар әдетте, еріктері төмен дамыған қабылдағыш, мінездері үлкен конформизмді болып келеді деген. Жастарды әлі де болса өзіндік қалыптасып қалған көзқарастары мен қағидалары жоқ, олар қоғамға қарсы элементтердің теріс әсерлеріне тез елігіп кетеді. Адамның жас кезінде мінезінің және темпираментінің тұрақсыздығы зор рөл атқарады. Жастар да қызулық пен қозғыштық басым болады да, өмірлік тәжірбие арқылы бекітілетін және құрылатын ұстамдылық сияқты салмақты дағдылар аздау. Бұл жастағы тұлғалардың өздеріне тән ерекшеліктеріне ауыр зорлау арқылы жасалатын қылмыстарды бұзықтықпен жасауы жатады. Мұндай бұзықтықпен жасаудың себебіне өзін көрсетуге деген гипертрофирленген ұмтылыс, көп жағдайда оның әрекетін өз қалауынша жұмсаған басқа адамдардың осы әрекетке деген бағасын, реакциясын жатқызуға болады.

Қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.
Жастар ортасындағы теріс мінез – құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші – балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектегі жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық – кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар – педогогикалық бақылаумен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірілері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата – анасынан (немесе қамқорлығынан) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата – аналары (қамқоршылары) балаларына тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата – аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық әл –ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады. Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтын сүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің  201 1 бабы бойынша қаңғыбастық өмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір – екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту да көрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.
Қараусыздық пен қаңғыбастық – баланың, жасөспірімнің, жас адамның жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:алғашқы қоғамдық ырғақтан (оқу, еңбек) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды, себебі қараусыз қалғандар мүлдем оқымайды, көпшілігінің білімдері орта және арнаулы орта; қылмыс үшін және криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85% қараусыз қалғандар мен 35 % «бомждар» суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр қылмыстардың қатысушылары; әлеуметтік «түпте жатқан» өкілдердің антисанитарлық жағдайлада өмір сүруінен олар көбінесе әртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары
болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық – гигиеналық аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
Қараусыз қалған және «бомждарға» айналған жас адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырмастан бұрын, қараусыздықты болдырмау, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды. Әлеуметтік – экономикалық себептерге ұзақ уақыт бойы еңбек салтын бұзатын және адамдардың бұзылуына әкеп соғатын мынандай факторлар жатады: экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, аштық, эпидемиялар, әскери жанжалдар әсерінен болатын үдемелі миграциялық процестер.
Әлеуметтік – экономикалық себептердің салдары болып есептелетін әлеуметтік – психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылысудың көбеюімен, ата – анасының бірінен айырылу, отбасындағы көңіл – күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, таксикомания, нашақорлық жатады.
Қараусыздықтың психологиялық себебіне жасөспірімдер арасында психофизикалық аномалияның, асоциалдық мінез –құлық белгілерінің, кері қылықтарға бейімділік, қылмыстық романтикаға қызығушылық сияқты құбылыстардың өсуін жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар оларды генетикалық бейімделуден болған дейді. Болашақ ұрпақтың 3 – 4% осыларға жатады деген болжау бар.

 

Пікір жазу