Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАН-ЖАҒЫ ӘСЕМ, САПАЛЫ ҒИМАРАТТАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАН-ЖАҒЫ ӘСЕМ, САПАЛЫ ҒИМАРАТТАРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Түркістан облысының сәулеттік жобалар жөніндегі кеңесінің кезекті жиыны өтті. Жиналыста Түркістан қаласы мен облыс аумағында бой көтеретін нысандардың сыртқы кескіні, сәулеті талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жобалардың шикі тұстарына тоқталып, жауаптыларға жұмысты толықтыруды тапсырды.
– Әр қаланың, орталықтың даму жоспары жүйеленіп, тұрақты түрде қадағаланып тұруы тиіс. Жер телімдерін өте тиімді әрі үнемдеп қолдану керек. Жерді алып, жұмысын бастамай жүрген кәсіпкерлерден жер қайтарылады. Түркістанның кіреберіс тұстары сапалы әрі әсем үйлермен көмкеріліп, абаттандырылуы керек. Ұсыныстар беріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиналыста Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев пен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы алда жүзеге асатын жобалар туралы баяндады. Атап айтқанда, Бекзат Саттарханов даңғылының бойындағы айналма жолды реттеу, әкімшілік-іскерлік орталығына 5, 7 қабатты үйлер салу, «Тұңғыш президент саябағының» жан-жағын ашу, Инновациялық технологиялық университет ғимаратын салу және өзге де мәселелер талқыланды. Құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда болады.

Пікір жазу