Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

​ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын ​барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды.
​Осыған орай бүгін 2 қазан күні Түлкібас кенті әкімшілігінің АКТ залында кент әкімі Е.Айтымбетов және аудандық мәслихат депутаты Е.Құлжанбаев кент тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тоғысбаев, кент биі Б.Тоғызов және ардагерлер, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері және кент тұрғындары, әкімшілік мамандары қатысты.​ Халықпен кездесуде кент әкімі 2024 жылы атқарылған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстары туралы айтып өтті.
​Кездесу барысында көтерілген мәселелер:
-Түлкібас кентіндегі Б.Аблаев көшесінің қалған бөліктерін түнгі жарық шамдарын жүргізу
-Өзбеков көшесіндегі көше жарық шамдарының уақытын ретке келтіру.
-Өзбеков көшесіндегі кәріз жүйесін жөндеу.
-Көшедегі қаңғыбас иттерді аулау.
-Кент тұрғындарына сайға, көшеге қоқыс қалдықтарын ретсіз тастамауға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
-Орталық көше бойындағы сауда орындары алдын таза ұстаса.
-Түлкібас кентінің оңтүстік бөлігінен, Көктерек ауылынан және орталық базардан жолаушылар тасымалдайтын көлік (газель) жүрсе.
Қойылған сұрақтарға кент әкімі және мәслихат депутаты жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Пікір жазу