Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен жер қатынастары жөнінде мәжіліс өтті. Жиында жер қатынастары бөлімінің есебі тыңдалып, алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Салада кездесетін өзекті мәселелер ортаға салынып, шешу жолдары қарастырылды.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, Жер қатынастар бөлімінің басшысы Бауыржан Сыздықов салада 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Бөлімнің жұмысымен танысқан қала әкімі жауапты басшыларға жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
— Жұмысты жандандыру керек. Өзекті мәселелерді шешу бойынша құзырлы органдармен бірге жұмыс істеп, нақты ұсыныс беріңіздер, — деді Әзімбек Пазылбекұлы.
Түркістан қаласында жер кезегінде тұрған азаматтар саны — 84 822. Таңдалып алынған жалпы жер көлемі 486 гектарды құрайды. Жер телімінің саны 2 мыңнан асады.
Бүгінгі таңда 300,0 гектар аумақта орналасқан 68 шаруа қожалық жерлері мемлекет мұқтаждығына қайтарылды. Оның ішінде, жалпы көлемі 196,4 гектар болатын 51 шаруа қожалық жерлері, 43,5 гектарды құрайтын 16 шаруа қожалық жерлері мемлекет меншігіне қайтарылуда.

Пікір жазу