Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Шаһар басшысы қалалық автопарктердің өкілдерімен мәжіліс өткізді

Шаһар басшысы қалалық автопарктердің өкілдерімен мәжіліс өткізді

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық автопарктердің өкілдерімен мәжіліс өткізді.
Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі басшысының мәлімдеуінше, жалпы Түркістан қаласында 22 көлік бағытында 194 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олардың 16 бағыты бойынша «Жолаушы» ЖШС, 6 бағытына «ТехПроАвто» ЖШС жауапты.
Автобустардағы жол жүру ақысы «AlemPay» электронды картасы арқылы 70 теңгені құрайды. Мектеп оқушылары дәл осы электронды карта арқылы жол ақысының 50%-ын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие.
«AlemРay» төлем карталарын Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аялдамасынан және «Қуаныш» базары кеңсе тауарлары павильонындағы (№52) сауда нүктелерінен алуға болады. Картаны банк қосымшалары немесе Киви терминалы арқылы толтырып, дайын картаны 2505 нөміріне тіркеп, жол ақысын төлейді.
— «Кешеден бері сектор тұрғындарымен кездесуді бастадым. Кездесуде негізгі көтерілген мәселелердің дені осы қоғамдық көлікке қатысты. Сондықтан да «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің жұмысымен танысқым келді. Алдағы уақытта автобустарға байланысты шағымдар ескерілсін. Жолаушыларға жағдай жасау сіздердің міндеттеріңіз»,-деді Әзімбек Пазылбекұлы мәжілісте.

Пікір жазу