Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының «Сауран» және «Бекзат» секторы тұрғындарымен кездесуіне жүздеген адам жиналды. Шаһар басшысы тұрғын алаптардағы электр желісі, кәріз жүйесі, көгалдандыру, қоғамдық көлік пен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді тыңдады.
Кездесуге жауапты қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Аталған тұрғын алап халқы жақын маңайдан мектеп пен емхана қажеттілігін жеткізді. Сондай-ақ, мұндағы тұрғындарды көшелердегі көгалдандыру жұмыстары мен қаңғыбас иттерден келетін қауіп те алаңдатады. Сонымен қатар, кәріз жүйесін ретке келтіріп, көшелерге асфальт төсеп, бағдаршам орнатуды сұрайды. Халықтың талап-тілегін тыңдаған Әзімбек Пазылбекұлы тиісті мекеме басшыларына ескерту жасап, мәселені шешуге тапсырма берді.
Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған сұрақтарға жауап берген қала әкімі тұрғындар мәселесінің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтып, орындалуын өз бақылауына алатынын айтты.
Бұған дейін шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлы «Бірлік», «Отырар», «Шауғар», «Яссы» секторы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдаған болатын.
Сонымен бірге, Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 53 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Оның 16-сы биыл халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Пікір жазу