Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жолдарды қала теңгеріміне қабылдау бойынша өзекті мәселелер сараланды

Жолдарды қала теңгеріміне қабылдау бойынша өзекті мәселелер сараланды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Түркістан облысы филиалы директорының орынбасары Қанат Жолтаевты қабылдады.
Қабылдауда «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының теңгеріміндегі жолдарды қала теңгеріміне қабылдау бойынша өзекті мәселелер сараланды.
Шаһар басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 21,2 шақырымын Түркістан қаласы аумағына қабылдау үшін кемшіліктерді қалыпқа келтіріп, ең алдымен кезек күттірмейтін мәселелердің бірі жол бойындағы қоқыстар мен қураған шөптерден тазарту керектігін жеткізді. Жаяу жүргіншілер жолы, аяқ жолдар, бағдаршам, жол белгілері мен жарықтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жою қажеттігін тапсырды.
— “Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіндегі қала теңгеріміне өтетін 21,2 шақырымдық жолдың 3 шақырымының темір қоршауын сырлау жұмыстары жүргізілуі қажет. Сондай-ақ, жол апатынан зақымдалған, тозығы жеткен жол белгілерін орнатып, істен шыққан 124 жарықшам қалпына келтірілуі тиіс. 21,2 шақырымдағы жол бөлу сызбалары қайта жаңартуды қажет етеді. 10 бағдаршам тұсындағы жол жабындысына жөндеу жұмыстарын жүргізілуі тиіс”,-деп атап өтті.

Пікір жазу