Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» ЖОБАСЫ- ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕК ҚОЛДАУ

«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» ЖОБАСЫ- ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕК ҚОЛДАУ

Түркістан қаласындағы ерекше балаларды қолдаудың түрлі жобалары іске асырылуда.
Аталған мақсатта жүзеге асқан «Жұлдызды сәт» мега-жобасының қорытынды концерті өтті.
Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада неврологиялық сырқаты бар балалар өнерлерін ортаға салды.
Концертте көрермендерге қолөнер көрмесі ұсынылып, арнайы театрландырылған сахналық қойылым көрсетілді.
 Одан бөлек, келушілер «Жігерлі жандар» мотивациялық деректі фильмінен ерекше әсер алды.
Сонымен қатар, жобаға қатысушылар ата-анасымен бірге этно- модерн стиліндегі сән көрсетілімімен концерт көркін кіргізді.
Және шараға қатысушыларды қолдап Шымкент қалалық 19-шы мүгедектігі бар жандарға арналған спорт мектебінің спортшылары «Шексіз» би композициясын көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Кентау қаласы мен Келес, Сауран аудандарынан келген ерекше қажеттілігі бар 200-ге тарта балақай жиналған жобаны тележурналист, продюсер Асхат Садырбай жүргізсе, белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Кушкалиев көрермендерді әсем әнімен қуантты.
Жиында қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев сөз алып, бүлдіршіндерге шаһар басшысының арнайы сыйлықтарын табыстады.

Пікір жазу