Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖОЛ САПАСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖОЛ САПАСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында жол құрылысын салып жатқан «АлемТрансЖол» ЖШС, «Techtronic-Stroy» ЖШС, «АқЖол» ЖШС, «Отау-Строй» ЖШС, «DOS group» ЖШС-ның өкілдерімен кездесті. Жиналыста аталған құрылыс компанияларының жұмысы сараланып, жол сапасындағы кемшіліктері талқыланды.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Түркістан облысы филиалының директоры Ғалымжан Утенбаевтың мәлімдеуінше, қала аумағындағы нысандардың жұмыс сапасын көруге жыл басынан бері 20 рет тексеріс келген. Тексеріске сәйкес, 19 көшеден 77 сынама алынған. Нәтижесінде оның 28-і сәйкес келсе, 49-ы сәйкес еместігі анықталған.
Шаһар басшысы құрылыс компаниялары өкілдерімен кездесу барысында аталған жолға қатысты кемшіліктерді қайта қалпына келтіріп, тұрғындарға жайлы жағдай жасауды тапсырды.
— «Ең алдымен адам өміріне қауіп тудыратын көше бойындағы кәріз жүйесінің құдықшалары жабылсын. Одан бөлек, зақымдалған асфальт жабындылары мен аяқжолдар жөнделсін. Қала ішіндегі көшелердегі кемшіліктерді түзетіп, апта сайын маған баяндап отыруды тапсырамын. Бұл сіздердің негізгі міндеттеріңіз»,- деді Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде.

Пікір жазу