Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТЕЗ АРАДА РЕТКЕ КЕЛТІРУДІ ТАПСЫРДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТЕЗ АРАДА РЕТКЕ КЕЛТІРУДІ ТАПСЫРДЫ

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың жеке қабылдауна Састөбе кентінің Жібек-жолы көшесінегі 2021 жылы қолданысқа берілген әлеуметтік көп қабатты 64 пәтерлік үйдің тұрғындары келіп, біршама кемшіліктері бойынша өтінішін білдірген болатын.
Аталған мәселені аудан басшысы назарға алып, бүгін жауапты мамандар және мердігермен бірге нысан басында тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан үйдің шатыры мен жылыту жүйесі және ішкі есік, терезелеріне қатысты айтылған өтініштерді мердігерлерге келісім-шартпен белгіленген 5 жыл күтіп-ұстау келісімі негізінде тез арада ретке келтіруді тапсырды.
Жауапты бөлім басшысына орын алған кемшіліктер бойынша ақау АКТ-лерін түзіп, жылыту маусымына дейін қалпына келтіруін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті.

Пікір жазу