Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЗАҢСЫЗ САУДАНЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЗАҢСЫЗ САУДАНЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың тапсырмасымен аудан орталығындағы базар аумағындағы заңсыз сауда орындарын ретке келтіру, қызыл сызыққа шыққан дүнгіршіктерді жою мақсатында бүгін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен округ әкімдігі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің біріккен рейдтік шарасы өтті.
Шара барысында 11 азаматқа Заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, сауда үйлері мен базар иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сауда орындарына санитарлық тазалық жүргізілді.

Пікір жазу