Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 1000-НАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 1000-НАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

Түркістанда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өткізілген шараға ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен еріктілерден тұратын 1000-нан аса азамат қатысып, тазалық шарасына белсене атсалысты.
Сенбілікте қала аумағындағы Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Сапарбай болыс, Баялиев, Шойынбет би, Яссы, Жібек жолы, Ғ.Мүсірепов, Әл-Фараби, О.Жарылқапов, Ерубаев, І.Қожабаев, Көктонды әулие, Абылай хан, Наурызым, Сығанақ, Сандыбай, Жандосов көшелері, Тәуке хан даңғылы мен Қызылорда және Шәуілдір тас жолының бойы, шаһардағы базарлар мен қоғамдық орындар күл-қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылып, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді.
— «Бүгінгі эко-шарада қала 35 аумаққа бөлініп, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сенбілікке атсалысып, қала тазалығына жанашырлық танытқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Тазалық шарасы тек бүгін ғана емес, жыл он екі ай жүзеге асуы тиіс. Өйткені, қаланың тазалығы ең басты орында»,-деді қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.
Жиналған қоқысты тасымалдауға коммуналдық қызметкерлер мен 30 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Пікір жазу